You are here

Комитет Төрағасы Мусин Бағдат Батырбекұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызында  дүниеге келген

2004 жылы «Есептеу техникасын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Сүлеймен Демирел атындағы университетті аяқтады;

2005 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірді;

2004-2007 жылдары – бас инженер-бағдарламашы, бөлім бастығы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT-бөлімшелерін құру жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды;

2007-2010 жылдары – Әділет министрлігінде лауазымды қызметтерде болды, атап айтқанда ҚР Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және ҚР Әділет министрлігінің ақпаратық технологиялар басқармасының бастығы лауазымдарынды қызмет етті;

201-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды;

04.2011-01.2012 жылдары - ҚР Байланыс және ақпараттандыру министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті;

2012-2014 жылдары – Байланыс және ақпараттандыру министрлігін Көлік және коммуникация министрлігімен біріктіргеннен кейін, клиенттік сервистің заманауи үрдістерін енгізу арқылы жаңғыртумен айналыса отырып, 2012 жылдың наурыз айында Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Сондай-ақ, мемлекетік көрсетілетін қызметтерді, шешу рәсімдерін, лицеензиялауды оңтайландыру және оларды электронды форматқа көшіру жұмыстары Комитеттің жауапкершілігінде болды. Сол жылдары мобильді және арнайы ХҚКО-лары іске қосылды;

2014 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында қызмет атқарды;

2014 жылдың сәуір айынан бастап – «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы болды. Бүгінгі күні,  Бағдат Мусиннің басшылығымен Операциялық Ахуалдық Орталық және тәулік бойы қызмет ететін Call-орталығы құрылып, ойдағыдай қызмет етіп келеді, Іріктеу орталығы автоматтандырылды, постаматтар мен посылкалар супермаркеттері арқылы посылкаларды және бандерольдерді беру және жөнелтудің жаңа үлгісі енгізілді. Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша 400 пошта бөлімшесі ойдағыдай жаңартылды.

Еңбектегі жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Үйленген, төрт баланың әкесі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.