You are here

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті» ММ, 010000, Астана қ., Мәскеу көш. 34. байланыс телефондары 8(7172)31-74-06, факс-8(7172) 31-73-27, электрондық мекенжай 7175190@kgp.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Бюджет қаражатын жоспарлау және бақылау тобының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері:  мемлекеттік сатып алулар туралы заңмен көзделген әдістермен Комитетте тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүргізеді, құнды ұсыныстарды сұрату әдісімен сатып алу және өзге де сатып алуларды (конкурстық және аукциондық құжаттамалардың жобасын, конкурстық комиссияны құру, сарапшыны немесе сараптамалық комиссияларды, тапсырыс беруші лауазымды тұлғаны және мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысының уәкілетті өкілін бекіту туралы бұйрықтарды жасау және т.б.), конкурстарды, аукциондарды ұйымдастыру және жүргізумен байланысты жұмыстарды орындау, конкурс пен аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде, алдағы жоспарлы кезеңге арналған Комитеттің бюджеттік сұранымдарын қалыптастыру кезінде, конкурстық және аукциондық комиссиялардың хатшысы қызметі орындау, Комитеттің орталық аппараты бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қажеттілігі мен көлемі бойынша ұсыныстар енгізу, орындаушы болып табылатын жасасқан келісім-шарттардың шарттарын жеткізушілердің орындауын бақылау, экономика, бюджетті жоспарлау, қаржы және мемлекеттік сатып алулар мәселелері, алдағы жоспарлы кезеңге арналған Комитеттің оның аумақтық басқармаларының жиынтық бюджеттік сұранымдарын қалыптастыру мәселелері, міндеттемелер мен төлемдер бойынша Комитеттің оның аумақтық басқармаларының міндеттемелер мен төлемдер бойынша жекешелендірілген қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру мәселелері бойынша өзге де тапсырмаларды орындау,  Комитеттің оның аумақтық басқармаларының жекешелендірілген қаржыландыру жоспарларына (жылжыту) өзгертулер енгізу жұмыстарын орындау, ағымдағы қаржыландыру жылына Комитеттің штаттық кестесін бекітуге дайындау, Комитеттің аумақтық басқармаларының ағымдағы қаржыландыру жылына арналған штаттық кестенің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу және тексерулер жүргізу, экономика, бюджетті жоспарлау, қаржы және мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша өзге де тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға арналған талаптар: білімі: жоғарғы экономикалық, заңгерлік, техникалық. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасау қабілетінің болуы. Тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стартегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның тиісті мамандандыру салалсындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға арналған қажетті құжаттар:1) өтініш және персоналдарды басқарудың тиісті қызметімен расталған қызметтік тізім.

Электрондық пошта арқылы берілген құжаттар, олардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей тапсыру қажет.

Конкурс жүргізу туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуден Астана қаласы, Мәскеу көшесі 34 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ғимаратында өтеді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.