You are here

Бас прокуратурада «Заңдылық – электрондық қылмыстық іс» жүйесі көрсетілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет ҚР қылмыстық қудалау органдарында «Заңдылық» электрондық қылмыстық істі енгізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында ведомствоаралық мәжілістің өткендігі туралы хабарлайды.

 

Мәжіліс барысында «Заңдылық – электрондық қылмыстық іс» ақпараттық жүйесі көрсетілді, ол қылмыстық процесті жеңілдетіп, сапасын арттыруға бағытталған, сондай-ақ қолданыстағы «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» жүйесінің негізінде енгізу мүмкіндігімен елдегі тергеушілердің, прокурорлардың және судьялардың қателіктерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

 

«Бүгінгі күні қылмыстарды тергеуде аса қиындық тудырмайтын сотқа дейінгі іс жүргізудің жүктелімі ауыр, оған адами, қаржылық және уақыт сияқты көптеген ресурстар жұмсалады. Сонымен қатар, қылмыстық істің процесуалдық материалдарына және процеске қатысушылардың істеріне уақытылы қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы материалдардың дұрыс болмау қауіпін туындатады, ал ол құқық қорғау органдарының халықпен өзара қарым-қатынасының айқындылығын толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.

 

«Заңдылық – электрондық қылмыстық іс» - жоғары қауіпсіздік деңгейі бар, қағаз жүзіндегі нұсқаны түбегейлі алмастыратын, қылмыстық істің материалдарын – цифрлық ақпараттарды сақтауға арналған ақпараттық жүйе. Бұл ретте, осы жүйеде алынған дәлелдемелер туралы барлық мәліметтерді, фото, аудио жазба, видео көрініс, сондай-ақ өзге де файлдар мен бағдарламалық өнімдерді тіркеуге мүмкіндік беретін, тергеудің басталған сәтінен үкімді орындағанға дейінгі әрекеттердің алгоритмін қамтитын қылмыстық істі қалыптастыру қызметі болуы тиіс.

 

 

 

 

БАҚ-қа арналған қосымша ақпарат:

+7 (7172) 31-74-56

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.