You are here

Баспасөз орталығы

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне келіп түскен адвокаттық сұраулардың статистикасы

Бұдан 20 жыл бұрын құқықтық статистика объективті суреттен алшақ болған еді (қылмыстар жаппай жасырылды, қылмыстың жағдайы туралы статистика ведомсволардың мүддесінде «басқарылатын» болды), сол себепті оның жиналуы және қалыптасуы түбегейлі болып қайта құрылды.

Пікірлер саны: 0

Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметкерлерінің арасында Спартакиаданың өткізілуі туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін және Прокуратура органдарының құрылуын мерекелеу қарсаңында Қостанай облысында а.ж. 07-нен 09-ы қыркүйегі аралығында ҚР прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметкерлерінің арасында Спартакиаданың іріктеу ойындары өткізілді.

Спорттық іс-шаралар 2 кезеңде спорттың 7 түрі бойынша өткізілді: волейбол, жеңіл атлетика, армрестлинг, гирлік спорт, үстел теннисі, 4х400 метрлі эстафета және арқан тарту.

Пікірлер саны: 0

Бизнес-омбудсмендерінің өткен форумы туралы

А.ж 2 қыркүйегінде Астана қаласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде «Қазақстанның және Ресейдің бизнес-омбудсмендерінің Бірінші форумы» өтті.

Форумда мемлекеттік саясаттың кәсіпкерлердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері, cонымен қатар, бизнес-омбудсмендерінің өз қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Комитетпен  бизнесті қорғау үшін әзірленген «Qamqor»  мобильді қосымшасы  және кәсіпкерлерді тексеру картасы көрсетілді, бұл Ресей делегациясының ерекше қызығушылығын тудырды.

Пікірлер саны: 0

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиынның өткізілгендігі туралы

А.ж 29 тамызында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Комитет Төрағасының м.а Бағлан Бекбауов ұжымды және құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының шақырылған ардагерлерін келе жатқан мемлекеттік мейраммен құттықтады.

Пікірлер саны: 0

Жаңа тағайындау

Комитет Төрағасының 10.08.2017 жылғы №356 бұйрығымен  әділет кеңесшісі  Руслан Бүркітбайұлы Әлкенев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының  м.а. лауазымына тағайындалды.

Комитеттің Баспасөз қызметі 

31 67 58

press@kgp.kz

 

 

Пікірлер саны: 0

ҚР Бас прокуратурасымен «Айқын» қосымшасы іске қосылды

А.ж. 21 тамызында  Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен «Айқан» пилоттық жобасы іске қосылды.

«Айқын» мобильді қосымшасы мемлекеттік органдармен азаматтардың өтініштеріне жауапты тиімді қабылдау, өңдеу және ұсыну үшін құрылды.

Пікірлер саны: 0

"Электронды қылмыстық іс" жобасы аясында алуды санкциялау процессі сәтті сынақтан өтті.

А.ж. 16 тамызында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жоғарғы Сот және ІІМ бірігіп, "Электрондық қылмыстық іс"  пилоттық жобасы аясында Жамбыл облысының  Жуалы ауданында  тергеліп жатқан қылмыстықтық іс бойынша алуды санкциялау процессі сәтті сынақтан өткізілді.

Пікірлер саны: 0

Бизнесті қорғау: Орал қаласында жиналыс өтті

А.ж 16 тамызында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Комитет Төрағасының орынбасары А.А. Саттардың қатысуымен бизнесті заңсыз тексерістерден қорғауға арналған жиналыс өткізілді.

Жиналыста аймақтың мемлекеттік бақылаушы және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының және өкілдерінің қатысуымен сындарлы диалог жүргізілді.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тексерулерді тіркеу және есепке алу саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды.

Мемлекеттік органдардың ұсыныстары назарға алынды және ЕРСОП жаңа жүйесінде ескерілетін болады.

 

Пікірлер саны: 0

Бас прокуратурада "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды

 

2017 жылдың 14 тамызы, Астана қаласы.   Бас прокуратурада ведомствоаралық жиналыс өтті,  онда Жоғары Соттың, ІІМ, Қаржы министрлігінің, МҚІСҚА өкілдерімен  бірқатар өңірлерде Электронды қылмыстық істі және оның пилоттық сынақтан өткізілуін енгізу мәселелері талқыланды.

Жоба Мемлекет Басшысының елімізде сандық технологияларды дамыту туралы Жолдауы аясында жүзеге асырылуда.

Осы мақсатпен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бюджеттен қосымша шығынсыз "Е-қылмыстық іс" бағдарламасы әзірленді.

Пікірлер саны: 0

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының іске асырып жатқан жобаларының алдын ала нәтижелері жайлы АНЫҚТАМА

 

 

         Жүйемізде маңызды өзгерістер болып жатыр.

         Ең алдымен, Конституцияға енгізілген түзетулер. Оның прокуратураға қатысты 83-ші бап Конституция қабылданғаннан бері алғаш рет өзгерді.

         Екіншіден, бұрын Негізгі Заңда прокуратураның өкілеттіктері нақты көрсетілген болатын. Енді олай емес. Қадағалаудың көлемі мен шегі заман талабына сай прокуратура туралы және басқа процессуалдық заңдарда реттелетін болды. Прокуратура туралы Заң а.ж. шілде айының ортасында күшіне енді.

Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.