You are here

Мемлекеттік қызмет: рухани және мәдени аспектілері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 13.10.2009 ж. № 1034 оа бұйрығымен                    
22.10.2009 г.
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
13.10.2009 ж. № 1034 оа
бұйрығымен                          
Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары мен мекемелері қызметкерлерінің

АР-НАМЫС КОДЕКСІ
(қызметкерлерінің қызметтік әдеп ережесі)

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары мен мекемелерінде (бұдан әрі - прокуратура органдары) қызмет атқару қоғам және мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру туралы болып табылады және прокуратура органдарының қызметкерлерінің адамгершілігі мен моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы прокуратурасының беделі мен абыройын нығайтуға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға, сондай-ақ қызметте және тұрмыста Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің (Прокуратура органдары мен мекемелерінің қызметкерлерінің қызметтік әдеп ережесі) (бұдан әрі - Кодекс) талаптарын және басқа да моральдық-этикалық нормаларды бұлжытпай сақтауға тиіс.

Осы Кодекс «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесі), Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы №595 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережесіне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің міндетті түрде сақтауы тиіс мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

1.Прокуратура органдарының қызметкерлеріне қойылатын жалпы талаптар

1.Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекет, қоғам және азаматтар алдындағы жауаптылықты сезіне отырып, олар:

1)Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұлжытпай сақтауға;

2)Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін,  азаматтар мен қоғамның мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;

3)адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекет және қоғамның, заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, оларды бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;

4)шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым-қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

5)Қазақстан Республикасының, мемлекеттік биліктің және прокуратура органдарының беделін түсіретін іс-әрекеттердің жасалуына жол бермеуге;

6)Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;

7)мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

8)жалпы қабылданған адамгершіліктің қағидалары мен нормаларын  сақтауға, қызметте және тұрмыста жоғары парасат пен мәдениеттің үлгісі болуға ұмтылуы тиіс.

2.Қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен байланысты прокуратура органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптар

2.Прокуратура органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік іс-әрекетінде:

1)өз қызметін адалдық, әділдік және турашылдықпен жүзеге асыруға, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға;

2)кез-келген заң бұзушылықтарды, олардың себептері мен жағдайларын  анықтауға және жоюға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге заңмен қарастырылған барлық шараларды қабылдауға;

3)өзінің кәсіби қызметінде мемлекеттік және қызметтік мүдделерді жеке мүддесінен жоғары ұстауға;

4)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, кімнен туындағанына қарамастан оның кез-келген көріністеріне төзбеуге;

5)өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеу мақсатында қандай да бір адамдардың өтініштер білдіру фактілері туралы прокуратура органдарының басшыларына дереу хабарлауға;

6)Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тыйым салуларды және шектеулерді, сондай-ақ прокуратура органдарында қызмет атқарумен байланысты талаптарды бұлжытпай сақтауға;

7)мүдделер қақтығысының алдын алуға және реттеп отыруға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шараларды қабылдауға;

8)мемлекеттік құпиялардың, қызметтік немесе заңмен қорғалатын басқа мәліметтердің жариялануына жол бермеуге, басқа адамдар тарапынан мұндай фактілерді жасаудың жолын кесуге;

9)өтініштерді шынайылықпен, біліктілікпен, төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермей қарауға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қажетті шараларды қолдануға;

10)әріптестері және басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерінің жолын кесуге;

11)қызметтік, әскери және еңбек тәртібін сақтауға, Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлерінің Антына адал болуға, прокуратура органдарының беделін және имиджін арттыруға, өзінің кәсіби ар-намысын қорғауға;

12)қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сын-ескертпелер негізді болған жағдайда оны кемшіліктерін жою үшін пайдалануға тиіс;

13)моральдық-психологиялық тұрғыдан ұстамды және төзімді болуға, субординацияны сақтауға, әріптестерімен тілектестік қарым-қатынаста жүруге, азаматтар және заңды тұлғалармен қарым-қатынас жасауда сыпайылық пен ұқыптылық танытуға;

14)нысанды киім киюдің тәртібін сақтауға, өзінің сыртқы келбетімен жалпы қабылданған іскерлік әдеп стандарттарына сәйкес келуге тиіс.

3.Прокуратура органдары қызметкерлеріне қызметтен тыс уақытта қойылатын талаптар

3.Прокуратура органдарының қызметкерлері қызметтен тыс уақытта:

1)теріс қоғамдық пікірталас тудыратын әрекеттерге жол бермеуге,  олардың атағына нұқсан келтіруі мүмкін мінез-құлықтардан тартынып жүруге;

4.Ұйымдастыру-билік ету өкілеттігі берілген прокуратура органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптар  

6)бағынысты қызметкерлердің осы Кодекстің талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге, оның бұзылу фактілеріне қағидаттық тұрғыдан назар аударып, кінәлі адамдардың жауаптылығы туралы мәселені шешуге;

7)бағынысты қызметкерлерді жоғары деңгейдегі жалпы және кәсіби мәдениетке тәрбиелеуге, осы Кодекстің талаптарын бұлжытпай сақтаудың үлгісін көрсетуге тиіс.

5.Прокуратура органдары қызметкерлеріне көпшілік алдында сөйлеу кезінде қойылатын талаптар

1)мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2)жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашатын болса;

6.Қорытынды ережелер

9.Прокуратура органдарының қызметкерлері осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны немесе орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.