You are here

Тарих

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ОРГАНДАРЫНЫҢ  ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жылдары  әлемдік қауымдастық ішіндегі жас мемлекеттің орнығуы үшін қажетті заңдылықты жетілдірумен, жаңа мемлекеттік-құқықтық институттарды қалыптастырумен қоса жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың жалпыға ортақ қағидаттарының бекітілуі елімізде демократияның өркендеуіне соны леп беріп, мемлекетіміздің барлық құқықтық жүйесін реформалауға жол ашып берді.

Елімізде құқық тәртібін қамтамасыз етудің нақты  үдерістерін шынайы көрсететін құқықтық статистиканың ведомствоаралық жүйесі біздің мемлекетімізде Президенттің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының шығуына байланысты 1997 жылы құрылды.

 Осы Жарлыққа сәйкес, Ішкі істер министрлігінің статистикалық қызметі, Әділет министрлігі мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық ақпараттар орталығы негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығы шаңырақ көтерді.

Сөйтіп бұл оқиға елімізде құқықтық реформаның маңызды бір кезеңінің аяқталғанын паш етті: ел тарихында тұңғыш рет құқықтық статистика заң мамандары мен ғалым-криминологтардың ұсыныстары бойынша қадағалау органынның құзырына берілді.

Бүгінгі күні ТМД елдерінде ведомствоаралық органға айналып отырған құықтық статистика және арнайы есепке алу саласында мұндай мекеме бізде ғана құрылып отыр. Біздің тәжірибемізді зерделеу үшін басқа мемлекеттерден делегациялардың жиі келуі осының айғағы.

Қазірде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қалыптасқан мемлекеттік институт ретінде танылып отыр.

Бірінші кезекте ол арқылы еліміздің  қылмыстылық ахуалының, құқық қорғау органдары мен соттардың қызметінің шынайы көрінісіне қол жеткізілді. Сондай-ақ арнайы есепке алу, анықтамалық және архивтік жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілетін болды.

2003 жылы қабылданған «Мемлекттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жүргізудің құқықтық негізі мен қағидаттарын,  оған уәкілетті органның  және  құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдігі мен қызметін анықтап берді. «Мемлекеттік құқықтық статистика» мен оның «Қылмыстық-құқықтық», «Азаматтық-құқық» және «Әкімшілік-құқықтық статистика» бөлімдерінің ұғымдары, арнайы есепке алу мен оның түрлері алғаш рет нормативті түрде бекітілді.

Сол сияқты уәкілетті органның  Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықтарды анықтау мен жою бойынша бақылау және қадағалау қызметі заңды түрде бекітілді.

Құқықтық статистикалық ақпарат қоғамда және құқықтық кеңістікте болып жатқан үдерістердің өзіндік өлшемі, мемлекеттік басқару органдарының қоғамдық үдерістерді басқару бойынша шешім қабылдау, қылмыстылық пен құқық бұзушылықпен күрес және олардың алдын алу үшін негіз болып табылады.

Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды  енгізіп, оларды үнемі жетілдіріп отыру Комитеттің бүгінгі жұмысының басты сыйпатына айналып отыр. Егер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары алғаш құрылған кездерінде бөлек-бөлек деректер қоры бойынша жұмыс істесе, ал 2005 жылдан бастап   АБД  ЕУСС(Автоматтандырылған деректер қоры, Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе), АИС «СУ»(Автоматтандырылған ақпараттық жүйе, «Арнайы есепке алу»), «АДИС» (Автоматтандырылған дактилоскопиялық жүйе), «ЕУОЛ» (Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу) және «ИС» (Ақпараттық жүйе)  деп аталатын бір тұтас деректер қорына негізделген 5 ақпараттық жүйе жасалды.

Қазіргі уақытта Комитет құқық қорғау және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдасу жұмыстарын қолға алып отыр.

Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпараттық  бірегей жүйесі алғаш рет жасалып, ол 26 мемлекеттік органның 75 түрлі деректер қорын біріктіріп отыр.

Бұл бірегей жүйе құжаттау, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, азаматтық хал-ахуал актілері, әкімшілік құқық  бұзушылық жасау, мемлекеттік органдарға өтініштер, мемлкеттік сатып алу және т.б.туралы мәліметтер алуға мүмкіндіктер береді.

Бүгінгі күні статистикалық есеп беру және арнайы еспке алуды жүргізуді қалыптастыру үдерістерін автоматтандыру бойынша кезеңді жұмыстар жүргізілуде. Бұл құқықтық статистика субъектілерінің қызметкерлеріне өз жұмыс орнында отырып-ақ қағазбастылыққа салынбай электронды есепке алу қалыптарын толтыруға мүмкіндік береді.

Мұндай мүмкіндіктер жеке және заңды тұлғаларға да жасалған.

Олар Комитет сайты арқылы  өзіне қатысты, сондай-ақ нақты уақыт тәртібінде еліміздегі қылмыстылық пен жол апатының жай-күйі туралы түрлі ақпарттар ала алады.

 Мәселен, электронды сандық қолтаңба болған жағдайда азаматтар  әкімшілік айыппұлы немесе атқарушы өндіріс бойынша берешегі туралы мәліметтерді тексеріп,  соттылық туралы анықтама ала алады, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарына берген өз өтінішінің қаралу барысын қадағалап, электронды түрде өтініш те бере алады.

 

 

 

  

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.