You are here

Электрондық талон

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Президенттің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында 2010-2020 жылдарға арналған републиканың құқықтық саясат тұжырымдамасында қойылған міндеттерге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардық құқық қорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді.

Жоба қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органы өтінішті қабылдағаннан кейін оны тіркегені туралы құжатты беруге міндетті болатындықтан, оған толығымен сай келеді (ҚІЖК 183-бабы 1 және 2 бөліктері).

Жобаның мақсаттары мен міндеттері – өтініштерді есепке алудан жасыруды азайту; өтініш берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; өтінішті қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау сатысын қоғамдық бақылау;

Жұмыс сызбасы мынамен тұжырымдалады, өтінішті қабылдайтын лауазымды тұлға өтініш берушіге ҚСжАЕК электрондық деректер қорында нақты осы өтінішке берілген бірегей нөмірі бар талонды береді. Өтініш беруші, бұдан әрі, талонның бірегей нөмірін теріп интернет,  call-орталықтар, SMS-хабарламалар арқылы өтініштің қабылдануы және тіркелуі, онық қаралу барысы және қабылданған іс жүргізу шешімі туралы өзін қызықтыратын ақпаратты ала алады.

Жоба практикалық қызметке 2011 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап енгізілді.

Жобаны енгізген сәттен бастап төрт айда ел ауқымында 74 мыңнан астам талон-хабарлаулар берілді, 5169 өтініш беруші өз өтініштерінің қаралу барысы туралы ақпаратты алу үшін Комитеттің сайтына жүгінген, 1572 – ақпаратты SMS-хабарламар арқылы алған.

Сонымен қатар алты мыңнан астам отандастар жедел әрі қандай да бір күш салмастан өз өтініштерінің қаралу барысы және нәтижелері туралы білді. Бұл өтініш берушілердің де, осындай өтініштерді қарауға уәкілетті лауазымды тұлғалардың да уақытын үнемдейді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.