You are here

Электрондық Портал

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық порталы арқылы тіркеу» жобасы.

Жоба қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді және хабарламаларды қабылдау, есепке алу, тіркеу, қарау жүйесін жетілдіру шеңберінде, Президенттің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында 2010-2020 жылдарға арналған републиканың құқықтық саясат тұжырымдамасында қойылған міндеттерге сәйкес және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардық құқық қорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді.

Жоба қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органы қандай да бір жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы өтінішті немесе хабарламаны қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті болатындықтан, оған толығымен сай келеді (ҚІЖК 183-бабы 1-бөлігі).

Жобаның мақсаттары мен міндеттері – құқық қорғау органдарының өз қызметінде жаңа технологияларды қолдануы; тіркемеу арқылы өтініштерді есепке алудан жасыруды азайту; өтініш берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

Жоба жұмысының сызбасы мынамен тұжырымдалады. Электондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭСҚ) бар өтініш беруші нақты уақыт ішінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) вебсайтында электрондық портал арқылы қылмыс немесе оқиға туралы өтініш беруге мүмкіндік алады. Бұлайша берілген өтініштер Комитеттің серверімен байланысқан қылмыстық қудалау органдарының кезекші бөліктерінде орнатылған  автоматтандырылған жұмыс орындарына сол сәтте түседі. Бұл ретте, осы өтінішті қабылдайтын лауазымды тұлғаға мұны жоюға немесе тіркемей қоюға қандай-да бір мүмкіндік берілмейді, бұл оларды жасыру мүмкіндігін болдырмайды.

Жоба 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.