You are here

Электрондық ӨЕҚ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді және хабарламаларды электрондық тіркеу (Электрондық ӨЕК)» жобасы

Президенттің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында 2010-2020 жылдарға арналған републиканың құқықтық саясат тұжырымдамасында қойылған талаптарға сәйкес Бас прокуратура ішкі істер және қаржы полициясы органдарында 2011 жылдан бастап қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді және хабарламаларды электрондық тіркеу жобасын енгізді.

Жобаның мақсаттары – жаңа ақпараттық технологияларға өту; қылмыстар туралы өтініштерді және хабарламаларды қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау сатысындағы қызметтің айқындылығы; осы сатыдағы нақты уақыт тәртібіндегі прокурорлық қадағалау және ведомстволық бақылау.

Міндеттері – заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; өтініштер мен хабарламаларды жедел шешу.

Электрондық тіркеудің жұмыс сызбасы мынамен тұжырымдалады, кезекші бөлік сол уақытта қадағалаушы прокурор мен ведомстваның автоматтандырылған жұмыс орындарында қол жетімді болатын келіп түскен өтініштер бойынша мәліметтерді ҚСжАЕК электрондық деректер базасына енгізеді. Мәліметтер қолданыстағы өтініштерді есепке алу кітабына ұқсас көрсетіледі.

Жоба, алдымен, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында  Павлодар облысы мен Астана қаласының ішкі істер органдарында сынақтан өткізілді. Тәжірибе қорытындысы оның жалпы есепке алу-тіркеу қызметіне, сондай-ақ ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалаудың сапасына оң ықпал жасағанын көрсетті.

Өтініштерді қараудың жеделдігі елеулі артты, 3 тәуліктен артық мерзімде қабылданатын іс жүргізу шешімдерінің саны айтарлықтай қысқарды. Шешілмеген өтініштердің неғұрлым сапалы, толық және объективті тексерілуіне ынталандыра отырып, олардың қалдықтарының саны қысқарды.

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қараудың сарсаңға салынуын туғызатын жағдайлар азайды. Лауазымды тұлғалардың өтініш берушілермен және құқық бұзушылармен мүмкін болатын іс жүргізуден тыс қарым-қатынасының уақыты қысқарды, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың бір шарты болып табылады.

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеу динамикасын нақты уақыт ішінде бақылау мүмкіндігі ай сайынғы және тоқсандық есептерді күтпестен қылмыстылықты болдырмау және алдын алу бойынша уақтылы және тиімді шараларды қабылдауға жағдай жасады.

Әкімшілік практика нәтижелерін әкімшілік материалдар бойынша сот шешіміне дейін қадағалап отыруға, салынған айыппұлдардың өндіріп алынуы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік пайда болды.

2010 жылғы 27 сәуірдегі ҚР Президенті Әкімшілігінің жанындағы кеңестің хаттамалық шешіміне сәйкес Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне 2010 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап барлық ішкі істер органдарында қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді және хабарламаларды электрондық тіркеуді енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Жоба 2011 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ҚР ІІМ барлық бөлімшелерінде қолданылады.

Полиция қызметкерлерінің өтініштерді қарау кезіндегі жеделдігі артты – 2011 жылдың 1 айында келіп түскендердің ішінде мерзімдерін 3 тәуліктен ары созбастан 61,1% өтініш шешілді. Өткен жылдары бұл көрсеткіш төмен болатын және 2007 жылы – 38,3%, 2008 жылы – 28,2%, 2009 жылы – 43,3%, 2010 жылы – 50,4% құраған.

Қылмыстар туралы хабарламаларды қарау кезіндегі сарсаңға салушылық елеулі төмендеді. Талданған мерзімде ең ұзақ мерзімге соза отырып (2 айға дейін) небары 9,3% өтініш қаралған, ал 2007-2009 жылдары олардың үлесі 19-22 пайыз мөлшерінде ауытқып отырған, ал бұл көрсеткіш 2010 жылы 13,4%-ды құрады.

Қаралмаған өтініштердің қалдығы 2,3%-ға дейін қысқарды. 2007-2009 жылдары қалыдқ 12-14%-ға дейін жеткен, 2010 жылы 9%-ды құрады.

Қылмыстарды есепке алу нақтыланды. Мысалы, егер соңғы жылдары (2007-2009) ішкі істер органдарының 1 тәулік ішінде қозғаған қылмыстық істерінің орташа саны 278-ді құраса, үстіміздегі жылдың 10 айында осындай істердің саны 485-ке жетті, бұл 75%-ға артық.

Тиісінше, қарау нәтижесінде қылмыс жасау деректері расталған өтініштер мен хабарламалардың үлес салмағы 21,3%-ға дейін артты. Өткен жылдары қылмыстарды жасыру деңгейі жоғары болғандықтан бұл көрсеткіш 20%-дан аспаған, 2010 жылы 18,2%, 2009 жылы – 16,0%, 2008 жылы – 16,2%, 2007 жылы – 14,8% болған.

Сондай-ақ қылмыстылық деңгейі айтарлықтай өсті. Үстіміздегі жылдың 10 айында өсу 44,5%-ды құрады. Ол дәстүрлі түрде жасырылған қылмыстардың, атап айтқанда, деңгейі 61,7%-ға дейін өскен қылмыстың жалпықылмыстық түрлері есебінен артты.

ҚР құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің 2011 жылғы 17 наурыздағы шешімімен барлық қылмыстық қудалау органдарында 2011 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап өтініштерді электрондық тіркеуді енгізу бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Осы хаттамаға сәйкес Кедендік бақылау комитетінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде осы ведомстволарға қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді және хабарламаларды енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылықпен күрес агенттігі 2011 жылдың 1 маусымынан бастап өтініштерді электрондық тіркеуді барлық аумақтық Департаменттерде жүргізеді.

Қаржы полициясы органдарында жобаны енгізудің басты мақсаты осы орган тағайындаған кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерді төмендету болып табылады.

Тексерулерді есепке алу саласында өтініштерді электрондық тіркеуді қолдану қаржы полициясы тағайындаған бақылаушы және қазыналық органдардың кәсіпкерлерді тексеруінің негізділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Қаржы полициясының сұрауы бойынша тағайындалған мемлекеттік орган тексерулерді электрондық ӨЕК-ге қашықтан қол жеткізу арқылы тіркеген кезде қылмыс туралы өтініштің нақты болуын, осы ӨЕК бойынша шаруашылық ететін субъектіні тексерудің негізділігін анықтау мақсатында салыстырып тексеру жүргізіледі.

Барлық тағайындалған тексерулер туралы жалпы ақпарат қаржы полициясының бастамасы бойынша тергеуге дейінгі тексеру материалдарымен салыстыру үшін прокуратура органдарына жолданады.

Осы жобаны енгізген сәттен бастап бизнес субъектілерін тексеруден 120-дан астам бас тартылған. Мысалы, ү.ж. 30 қыркүйегінде қаржы полициясының осы жылғы 7 қыркүйектегі № 301 сұрауы бойынша «СКО МИЛО» ЖШС-ны тексеру туралы Екібастұз қаласы бойынша қаржы басқармасының ұйғарымын тіркеуден бас тартылды, себебі өтініштерді есепке алу кітабында бұл нөмірмен басқа кәсіпорындардың салық төлеуден жалтару деректері жөніндегі ақпарат тіркелген.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.