Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2012 жылғы 8 мамырда ҚР Көлік және коммуникация Министрімен келісілген «Адамдардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» ақпараттық жүйесі мен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін ықпалдастыру ережесін бекіту туралы» № 58 бұйрығына қол қойды.

Бұл бұйрық 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ, «Kazsatnet» АҚ және «Азия-Софт» ЖШС қызметкерлері «Айқын» жобасын кезең-кезеңімен іске асыру мәселелері жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын өткізуде.

Көрсетілген ықпалдастыру Ережесі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру кезіндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды өткізу тәртібін анықтап, реттейді, сондай-ақ субъектілердің, заңды тұлғалардың Комитетке жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтерін ұсыну тәртібін реттейді.

Осы ықпалдастыру арқылы «Айқын» жобасын іске асыру ұйғарылуда.

Байланыс және ақпарат министрлігі (қазіргі Көлік және коммуникация министрлігі) және Комитет 2012 жылдың 27 шілдесінде бекіткен 2011 – 2014 жылдар аралығында жергілікті атқарушы билік органдарында және мемлекеттік органдарда «Айқын» жобасын кезең-кезеңімен енгізудің бірлескен ведомствоаралық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 2-тоқсанынан бастап Астана қаласы бойынша мемлекеттік органдардың орталық аппараттарын қосу жоспарланып отыр. Жобаның енгізілуін 2014 жылдың төртінші тоқсанында аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарда байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы аяқтау жоспарлануда.     

Комитеттің 3-ші
басқармасының жеке және 
заңды тұлғалардың өтініштерін  
есепке алу бөлімінің 
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 
2011 жылғы 16 қарашадағы № 66 бұйрығы бойынша

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 2012 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» №109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 66 бұйрыққа қол қойды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 маусымдағы  №7742 санымен тіркелді, Заң газетінде 2012  жылдың 28 маусымында № 94 (2102) және 94 (2276) санымен жарияланды). 

Осы бұйрықпен өтініш берушіге берілетін талонның жаңа нысаны бекітілді, оның көмегімен олар өз өтініштерінің қаралу барысы және нәтижелері туралы ақпарат ала алады (Ереженің 3-қосымшасы).

Ереженің 4-тармағына сәйкес субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға (өкілге) немесе    заңды тұлғаның өкіліне (бұдан әрі - өтініш беруші) Ереженің 3-тармағына сәйкес нысанда бірегей нөмірі көрсетіле отырып талон беріледі.

Бірегей нөмірі бар талондарды беруді:

1) ең жоғарғы өкілдік орган, орталық атқарушы мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары, сондай-ақ басқа да орталық мемлекеттік органдар 2012 жылдың 1 шілдесінен;

2) облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері аппараттары 2013 жылдың 1 сәуірінен; 

3) аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттары, сондай-ақ облыс мәслихаттары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін орталық атқарушы органдардың және мемлекеттік органдардың аумақтық органдары 2014 жылдың  1 қаңтарынан;

4) аудандық өкілдік және атқарушы органдар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізеді.»;

Көрсетілген бұйрық орталық мемлекеттік органдарға мәлімет және жұмыста пайдалану үшін жолданды. 

Ү.ж. 28 маусымында Комитет ғимаратында мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті, онда талондарды беру тәртібі мен мерзімдері түсіндіріліп, тиісті материалдар берілді (талондар, плакаттар, азаматтарға жаднама). 

Комитеттің 3-басқармасының
жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін есепке алу бөлімі

«Айқын» жобасының ерекшеліктері

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.