You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2017 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қаңтар

11 қаңтар Бас прокуратураның Комитет Төрағасы Сәуле Айтпаева  Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің  өкілдері Таро Фурубаяши және Сатору Таканаши қатысты.

Кездесу барысында  ынтымақтастық пен тарихи деректер және Қазақстан мен Жапония  азаматтары туралы басқада мәліметтермен алмасу  мәселелері талқыланды.

Комитет Төрағасы құқықтық статистика органдары құрылған уақыттан бері Комитет біздің шетелдік әріптестерімізбен іскерлік байланысты арттырып,  барлық сұрақтар бойынша, оның ішінде қолдағы бар тарихи мәліметтермен өзара ынтымақтастық жасауға ашық екенін атап өтті.

Комитеттің мұрағатында өткен жүзжылдықтың 30-жылдарынан тарихы бастау алатын және өзінің мазмұны жағынан тек қана біздің мемлекет үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызды болатын бірегей тарихи құжаттар жинақталған.

    Осы құжаттар негізінде Комитет мұрағаттық анықтама мен құжаттарды ұсынады, осылайша әскери лагерьлер мен саяси репрессияларды бастан өткерген адамдарға қатысты тарихи мәліметтерді қалпына келтіру үшін аз да болса өте қомақты үлесін қосып отыр. 

Өз сөзінде Таро Фурубаяши екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызындылығын және Қазақстан аумағында қайтыс болған Жапонияның соғыс тұтқынына қатысты деректерді іздеуге көмек көрсеткен Бас прокуратураның Комитетіне үлкен алғысын білдіретінін айтты.

Кездесу тұжырымды пікір алмасумен одан әрі ықтымақтастық орнатумен жалғасты.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.