You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2016 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қаңтар

2016 жылғы 27 қаңтарда Комитетте Еуропалық Одақтың «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының сарапшыларымен кездесу өтті (А.М. Трошев – халықаралық сарапшы; Н.Ж. Ерғалиева – ұлттық сарапшы).

Осы кездесу аясында статистикалық деректердің көмегімен ҚР ҚК және ҚР ҚПК жаңа институттарының практикасын; құқық қорғау органдарында азаматтардың өтініштерін қарау практикасын; деректерді жинау мен талдаудың заманауи тәсілдерін; қоғамдық пікірді зерделеу және белсендіру мақсатында халықаралық әдістемелер және сұраулар жүргізуді бейімдеуді (InternationalVictimizationSurvey, PublicPerceptionSurvey); қылмыстық сот төрелігі мәселелері бойынша Еуропалық статистикалық институттарымен тәжірибемен алмасуын; біліктілікті артыруды (тренингтердегі қажеттіліктер; әдістемелік материалдарда) талдауға қатысты мәселелер талқыланды.

Осы кездесу қорытындылары бойынша Бас прокуратураның 8-Департаментіне ұсыныстар жолданды.

Ақпан

2016 жылдың 28 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Астана қаласына  Баронесса Скотланд Астальская келді.

Осы сапар аясында Комитет қызметкерлері Қазақстанның Бас прокуратурасының ақпараттық мүмкіндіктері туралы таныстыру өткізді.

Осылармен қатар, барлық тиісті ұйымдастыру іс-шаралары қамтамасыз етілді. 

Наурыз

2016 жылдың 30 наурызында Комитет Төрағасының орынбасары Е.Мәбиевтің басшылығымен «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еурапалық Одағы жобасының сарапшыларымен кездесу өтті. (А.М. Трошев– халықаралық сарапшы; Н.Ж. Ерғалиева – ұлттық сарапшы).

Аталған кездесу аясында жобаның құрылымына, жұмыс жоспарына, 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар графигіне, үстіміздегі жылдың 8 сәуірінде өтетін жобаның ресми ашылуында сөйлейтін сөздеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Сәуір

2016 жылдың 8 сәуірінде  Астана қаласында өткен  «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еурапалық Одағы жобасының тұсаукесеріне Комитет қызметкерлері қатысты.

Тұсаукесерде Комитет Төрағасының орынбасары Е.Мәбиев  «Қылмыстық сот төрелігіндегі статистикалық қордың ары қарай дамуы: «Электрондық қылмыстық іс» бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізу; «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы»; талдаулы болжау; сот-медициналық сараптамасы үшін электрондық деректер қорын енгізу» тақырыбында баяндама жасады.

Мамыр

2016 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Төрайымының  төрағалығымен  Малайзияның Бас прокуратурасы бастаған делегациясына Комитеттің қызметі таныстырылды.

Малайзияның Бас прокуратурасы бастаған делегацияның құрамында  Малайзияның Бас Прокуроры Мохаммед Апанди, халықаралық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары Азмир Шах Зайнал Абидин;  трансұлттық қылмыстармен күресу бөлімінің басшысы Ван Нор Сакина Саад; Мемлекеттік прокурордың орынбасары Лим Джу Винн; Мемлекеттік прокурордың орынбасары Мохд Ашроф Адрин Камарул  болды.

Таныстырылым кезінде Комитет қызметкері М.Садықов Комитеттің инновациялық мүмкіндіктері туралы айтып кетті. Сөз соңында Малайзияның Бас прокуроры өздерінің тарапынан Комитеттің Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпарат алмасу жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимыл тәжірибесіне қызығушылық танытты.

2016 жылдың 31 мамырында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде  Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаментінің судьялары мен қызметкерлері бастаған делегациямен кездесу өтті.

Делегацияның мақсаты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Комитеттің  ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын зерделеу болды.

Кездесу барысында  екі жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылын іске  асыру көлемі мен тәсілдері, соттардың  жұмысы туралы есептердің қалыптастырылуы таныстырылды.

Сондай-ақ, Комитеттің Ақпаратық сервисі мен  мемлекеттік органдарға және азаматтарға қажетті мәліметтерді алу тәртібінің таныстырылымы өтті.

Сонымен бірге Комитеттің деректер қорларының мүмкіндіктері көрсетілді. Комитет қызметкерлері баяндама жасап, қызықты пікір сайыс болды.

Ресей делегациясы Комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлігіндегі жетістіктері туралы оң пікір білдіріп және ынтамақтастықты одан әрі жалғастыруға тілек білдірді.

Маусым

2016 жылдың 14 маусымында  ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде  Тәжікстан Республикасының Бас  прокуратурасы бастаған делегациямен кездесу өтті.

Делегацияның мақсаты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің  ақпараттық мүмкіндіктерін  зерделеу болды.

Кездесу барысында  Комитеттің Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпарат алмасу жүйесі, «Ақпараттық  сервис», «ИнЖу»  ақпараттық жүйесі және басқа да ақпараттық  жүйелері  таныстырылды.

Сондай-ақ, Комитет қызметкерлері баяндама жасап,  статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу  жүргізудің таныстырылымы өтіп, қызықты пікір сайыс болды.

Қазан

ҚР Бас прокуратурасының Комитетіне  екі күндік сапармен Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты – Құқықтық тәртіп, қылмыстылықпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің мүшесі Т.Т. Мамытов бастаған делегация келді.

Делегацияның құрамында сондай-ақ, Қырығыз Республикасы Президенті Аппаратының, Үкімет Аппаратының, Бас прокуратураның, халықаралық және ғылыми ұйымдарының өкілдері болды.

Бұл кездесу алдағы уақытта Қырғызстан Республикасында жаңа қылмыстық-процестік заңнаманы қабылдаумен және сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін енгізумен байланысты.

Комитет қызметкерлері қазақстандық сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін  және Бас прокуратураның басқа да ақпараттық жүйелерінің таныстырылымын өткізді. 

2016 жылдың 12-13 қазанында Уфа қаласында Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселесі бойынша ІІМ орталық ақпараттық, сарапшы-криминалистикалық бөлімшелері (полиция) және ТМД қатысушы мемлекеттерінің прокуратура органдары басшыларының жыл сайынғы кезекті отырысы өтті.

Аталған шараға Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Махонов, Башқұртстан Республикасы бойынша Ішкі істер министрі полиция генеарл-лейтинанты Михаил Закомалдин, «Ресей Федерациясы Ішкі істер миристрлігінің Басты ақпараттық-талдау орталығы» федералдық қазыналық мекемесінің («Ресей ІІМ БАТО» ФҚМ) бастығы Павел Важев, ТМД қатысушы мемлекеттерінің орталық ақпараттық қызметтерінің басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының атынан отырысқа Комитет Төрайымы Сәуле Айтпаева, оның орынбасары Сәбит Нұрлыбай, сонымен қатар талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының  бастығы Ерәділ Ахметов қатысты.

Екі күндік мәжіліс аясында электрондық ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, соның ішінде адамдарды мемлекетаралық іздеуді ұйымдастыруыға және Мемлекетаралық ақпараттық банкте (МАБ) дактилоскопиялық есепке алуды қалыптастыруға көшу, статистикалық есептіліктің  мемлекетаралық нысаны мәліметтерін кеңейту мәселелері қаралды. 

Достастық мемлекеттер делегациясының өкілдері, сондай-ақ, МАБ-қа ұсынылған ақпарат тізіліміне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

 

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.