You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2015 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазан

2015 жылдың 6-7 қазаны аралығында Моңғолияда (Ұлан-Батор қ.) «Қазақстан-Моңғолия: әйелдерді мемлекеттік, жеке және азаматтық секторларда дамыту жөніндегі елдердің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия, Моңғолияның Ұлттық сауда-өндірістік палатасы Қазақстан мен Моңғолиядағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция мақсаты – аймақтық ынтымақтастықты дамыту, әйелдерді саяси және экономикалық дамытумәселелерін, «жасыл» экономиканы дамыту перспективаларын, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі кәсіпшілдік және оған қатысуды талқылау. 

Қазақстандық делегация басшысы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы, Ұлттық комиссия мүшесі С.М. Айтпаева қатысушыларды құттықтап, «Қазақстандағы әйелдерді экономикалық және саяси дамыту және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында баяндама жасады.

Тамыз

2015 жылдың 25-29 тамызы аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басшылығы мен қызметкерлері ШЫҰ мүше-мемлекеттері бас прокурорларының 13-отырысын және ТМД мүше-мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 25-отырысын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты.

Жұмыс кездесулері барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ақпараттық мүмкіндіктері көрсетілді.

Конференция жұмысы әйелдердің мемлекетті жаңғыртуға қатысуы, әйелдердің бизнестегі жетістіктері мен дамуы, ықпалдастыру факторы ретінде дәстүрлі кәсіпті дамыту тақырыптарын қамтыған жоспарланған бағдарлама бойынша өткізілді. Сессияға қатысушылар аталған тақырыптар бойынша бірнеше баяндама мен таныстырулар жасап, қызықты талқылау орын алды.

Маусым

1) а.ж. 21-25 маусымы аралығында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрайымы С.М. Айтпаева Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы делегациясының құрамында Кореяның прокуратура органдарының жоғарғы ақпараттық технологияларды қолданудағы жұмыс тәжірибесін зерделеу үшін Кореяға барды.

Аталған сапар аясында қазақстандық делегация Кореяның мемлекеттік сандық сот сараптамасы орталығының жұмысымен, жекелей алғанда ақпараттық қауіпсіздікті, киберқылмыстылықты тергеуді қамтамасыз ету жүйесімен, сонымен қатар «E-Pros» портал жүйесінің жұмысымен және қылмыстық-құқықтық қызметтегі корей ақпараттық жүйесімен танысты.

2) 2015 жылдың 24 маусымында «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» оқулығын дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетте заң ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Академиясының профессоры А.Ю. Винокуровпен кездесу өтті.

Осы кездесу шеңберінде ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерінің көрсетуі өтті, сондай-ақ ҚСжАЕК Астана қаласы бойынша басқармасына барды, соның барысында А.Ю. Винокуров Комитет қызметінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі жекелеген бағыттарымен танысты.

Сәуір

2015 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қызметкерлерінің Қазақстан Республикасындағы есірткі жағдайы туралы ақпаратты және статистикалық деректерді ұсыну мәселесі бойынша БҰҰ Есірткі және қылмыстылық жөніндегібасқармасының ұлттық кеңесшісі  Г.Ж. Сүлейменовамен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге қатысушылар есірткіге тәуелді адамдар жасаған қылмыстар спектрін, осы қылмыстарға қолданылатын сот тәжірибесінің жазалау сипатын, түрмеге қамаудың қолданыстағы балама жүйелерін және олардың Орталық және Батыс Азия мен Қазақстанда қолданылуын зерделеуге бағытталған БҰҰ ЕҚБ зерттеуіне шолумен танысты.

Наурыз

2015 жылдың 10 наурызында Польша Республикасының делгациясы польшадағы В. Савицкийдің Ұлттық Еске алу Институты директорының орынбасары және польшадағы Я.Рогожиньскийдің Ұлттық Еске алу Институтының қызметкері өкіл болып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне келді.

Осы кездесу аясында, польша делегациясы поляк ұлтының қоныс аударған адамдарының мұрағаттық деректерін беру жөніндегі Меморандумды бекіту туралы мәселені көтерді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Ақпан

2015 жылдың 24 ақпанында халықаралық стандарттарға сәйкес балама сот төрелігін, пробацияны, балаларға арналған сот төрелігі жүйесінде арнайы есепке алуды дамытуға техникалық көмек көрсету мәселелері бойынша  БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының халықаралық кеңесшісі И. Урумов пен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қызметкерлерінің кездесуі ұйымдастырылды.                                                                                                                                                  

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.