You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2014 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Шілде

2014 жылдың 24-25 шілдесінде Комитет басшылығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің базасында өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мүше мемлекеттері құқық қорғау органдарының орталық ақпараттық қызметтері басшыларының жиналысына қатысты.

Кездесуге ҚР ІІМ басшылығы, ТМД мүше мемлекеттері құқық қорғау органдарының орталық ақпараттық қызметтерінің басшылары, Ресей ІІМ Ақпараттық технологиялар, байланыс және ақпаратты қорғау департаментінің өкілі қатысты.

Мәжіліс барысында, Мемлекеттік ақпарат алмасуды қалыптастыруды және электрондық түрде ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөніндегі проблемалық мәселелер талқыланды.

Маусым

2014 жылдың 10-13 маусымы аралығында Комитет Төрағасының Бірінші орынбасары С. Нұрлыбай Көлік және коммуникация министрлігі мен Байланыс және ақпарат агенттігі өкілдерінен тұратын Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында БҰҰ ЮНЕСКО электробайланыс және қордың халықаралық альянсының қолдауымен Женевада өткен конференцияға қатысты.

2014 жылдың 25-28 маусымында Комитет Төрағасы және қызметкерлері Бас прокуратура делегациясының құрамында Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының Академиясы жанында Мәскеу қаласында «Экстремистік әрекеттің алдын алу: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысында Татарстан Республикасының Бас Прокуроры И.С. Нафиков, Ресесй Федерациясы Бас прокуратурасының, Ішкі істер министрлігінің және Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ дін мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында экстремистік құқық бұзушылықтың себептері мен шарттары, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері, дәстүрліә діни конфессиялардың эксремизмге қарсы әрекеттегі ролі, Ресей Федерациясындағы экстремизмге қарсы әрекеттің негізгі стратегиялық бағыттары, Қазақстан Республикасындағы экстремизмге қарсы әрекет пен алдын алу тәжірибесі бойынша сұрақтар талқыланды.

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.