You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2013 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қараша

2013жылдың 14-15 қарашасы аралығында Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының бастығы Р. Әлкенев Өшпенділік негізіндегі қылмыстармен күрес жөніндегі Ұлттық байланыстағы тұлғалардың жыл сайынғы кездесуіне қатысты.

Кездесуге ЕҚЫҰ 33 мүше мемлекеттің 35 өкілі қатысты, олар конференция барысында қылмыстардың осы түрлеріне қарсы әрекет бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуде Өшпенділік негізіндегі қылмыстар туралы қажетті статистикалық деректерді жинау мәселелері талқыланды, қылмыстың осы түрлері бойынша есептердің жобалары және онлайн сауалнамалар талқыланды, сондай-ақ ынтымақтастықтың одан әрі бағыттары мен перспективалары белгіленді.

Қазан

 А.ж. 2-4 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сарапшыларының делегациясы келді. 

Сапар аясында, одан әрі тәжірибе алмасу үшін делегация Комитетке келді. Кездесу барысында ақпараттық жүйелерді таныстыру болды.

Қыркүйек

         А.ж. 23-28 қыркүйегі аралығында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері қылмыстылыққа қарсы әрекет саласында зерделеу және тәжірибемен алмасу, сонымен қатар электрондық сот ісін жүргізу аясында Грузияға барды.

Сапар барысында қазақстандық делегация қылмысты тіркеу сәтінен бастап сот шешіміне дейін қылмыстық процестің уақытын елеулі қысқартатын қылмыстық істер бойынша ақпараттық электрондық іс жүргізу жүйесімен танысты.

Одан басқа, делегация Грузияның полиция Академиясына барды. Сонымен қатар, Грузияның ІІМ аумақтық полиция бөлімдерінде және орталық аппаратында, Тбилиси қаласының сотында және т.б. кездесулер өтті.

 Сапар қорытындысы бойынша Грузияның Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Институты арасында кадрларды дайындау және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілді.

А.ж. 25-28 қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының делегациясы Қырғызстанда өткен ҚР Бас Прокурорының басшылығымен бас прокурорлардың Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысына және Шанхай Ынтымақтастық ұйымдатырының мүше-мемлекеттерінің 11-отырысына қатысты.

Отырыс барысында Достастық мемлекеттерінің аумағындағы қылмыстылыққа қарсы күрес және құқық тәртібі бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Маусым

А.ж. 19 маусымынан бастап практикалық қызметімен және ақпараттық жүйелерімен танысу мақсатында Комитетке Беларусь республикасының делегациясы Әскери прокуратура, Жоғарғы Сот  және Әскери коллегия мен Қорғаныс министрлігі өкілдерінің құрамында келді.

Мамыр

А.ж. 18 мамырынан бастап Комитет делегациясы Комитет Төрағасы С.М. Айтпаеваның басшылығымен мемлекетаралық ақпараттық саясат саласындағы тұрақты ынтымақтастық аясында ТМД мүше-мемлекеттерінің құқық қорғау органдары орталық ақпараттық қызметтері басшыларының жыл сайынғы мәжілісіне қатысты.

Мәжіліс барысында Мемлекетаралық ақпараттық банкті қалыптастыруды және электрондық түрде ақпарат алмасуды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сәуір

А.ж. 31 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Моңғолия делегациясы Бас прокуратура қызметкерлері ДаваадоржБохчулуун, БотчимэгХодройдың және Әділет министрлігінің өкілі Ганчулуун Оюнболд құрамында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне келді.

Делегацияға сапар аясында Комитеттің ақпараттық жүйелері және инновациялық жобалары таныстырылды.

Сонымен қатар, делегация Комитеттің орталық аппараты бөлімшелерінің және Астана қаласы бойынша басқармасы мен Аймақтық көліктік басқарманың практикалық қызметімен танысты.

         Қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабын (ӨАЕК) енгізу тәжірибесін зерделеу мақсатында Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Астана қ. Алматы ауданы бойынша Ішкі істер басқармасында таныстыруға арналған кездесу ұйымдастырылды.

А.ж. 3 сәуірінде Моңғолия делегациясының өкілдері қазақстандық «24KZ» телеарнасына  сұхбат берді, онда Комитеттің жүзеге асқан ақпараттық жүйелері туралы оң пікір айтылды.

2013 жылдың 22 сәуірінде Қырғызстан Республикасының делегациясы Республиканың ішкі істер министрінің орынбасары, милиция генерал-майоры  Курсан СатаровичАсановтың басшылығымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке келді.

 Сапар барысында делегация Комитеттің құрылу тарихымен, сонымен қатар практикалық қызметімен және ақпараттық жүйелерімен танысты. Сонымен қатар Комитеттің деректер қорының инновациялық мүмкіндікетері таныстырылды.  

Қаңтар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Моңғолияның Бас прокуратурасының өкілдерімен кездесу өтті.

Қонақтарды ҚР Бас Прокурорының Бірінші орынбасары И.Д. Меркель, Комитет Төрағасы С.М: Айтпаева, төрағаның бірінші орынбасары С.Н. Нұрлыбай, сонымен қатар Комитеттің орталық аппаратының басқарма және бөлім бастықтары қабылдады.

Делегация басшысы Моңғолияның Бас Прокуроры Дамбии Дорлигжав жылы қабылдауға алғыс білдірді.

Сапар мақсаты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құрылу тарихымен және жұмысымен таныстыру болды.

Моңғолия делегациясының құрамында Ұлан-Батор қ. прокуратурасы тергеу бөлімінің басшысы Превтсогт  Ишторж, Қазақстан Республикасындағы Моңғолия елшілігінің істеріндегі уақытша сенімді өкілі Ценд Бабуян қатысты; Бас прокурордың көмекшісі Гомбосурен Ганзоринг, Бас прокурордың хатшысы-жеке көмекшісі Энхбатыр Батырнаям және Тув провинциясы прокурорының көмекшісі –Жамсаран  Урантцетцег қатысты.

Комитет Төрағасы С. Айтпаева құттықтау сөзін сөйлеп, делегацияны құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының құрылу тарихымен және дамуымен таныстырды.

Қонақтар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының «Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу», «Электрондық талон», «Электрондық өтінішті беру», «Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі», «Айқын» инновациялық технологияларымен танысты.

Сонымен қатар, автоматтандырылған жұмыс орны және құқықтық ақпаратты қабылдау, жинау, жинақтау және қалыптастыру механизмі таныстырылды.

Кездесу барысында тараптар пікір алмасты. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.