You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2012 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қараша

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заң жобасымен жұмыс істеу, сонымен қатар дербес деректер саласында уәкілетті орган құру туралы мәселені пысықтау аясында Комитет қызметкерлері сол жылдың 21-22 қарашасында «Дербес деректерді қорғау»тақырыбында      Мәскеу қаласында өткен ІІІ халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияға Армения, Болгария, Венгрия, Германия, Қырғызстан, Польша, Румыния, Украина, Черногория, Чехия және Чилидің дербес деректер саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар дербес деректердің өңделуін және олардың қорғалуын қамтамасыз ету мәселелерін қарады.

Конференция нәтижесінде қатысушылар аталған салада тәжірибе алмасып, Қазақстанда нақты уақыт кезеңінде дербес деректер саласын, олардың қорғалуын реттейтін заңды қабылдау қажеттілігін көрсетті; дербес деректер саласындағы уәкілетті органның қазақстандық моделі, сонымен қатар шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау нысаны белгіленді.

Тамыз

2012 жылдың 19-25 тамызы аралығындағы кезеңде Вильнюс қаласында Литва Республикасы Үкіметінің жанындағы Есірткіні, алкогольді және темекіні бақылау департаментінің Нашақорлық мониторингі және талдау итвалық Ұлттық Орталығында (бұдан әрі – ҰМО) ЕС/ПРООН – КАДАП («Орталық Азияда есірткі таралуының алдын алу») Бағдарламасының аясында Комитет қызметкерлерінің қатысуымен елдегі есірткі жағдайы туралы жыл сайынғы Ұлттық есепті дайындауға қатысатын Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік органдарының қызметкерлері үшін ұйымдастырылған оқыту семинары өтті.

Шілде

ЕҚЫҰ жанындағы Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюромен (ДИАҚБ) ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының бастығы А.А. Хасенов, Варшава қаласында (Польша) 2012 жылғы шілденің 3 мен 4 аралығында ДИАҚБ ұйымдастырған халықаралық кеңеске сарапшы ретінде қатысты.

Сарапшылардың кеңесі өшпенділік негізінде жасалған қылмыстар туралы деректерді жинау және мониторинг өткізу бойынша жобаны қарауға арналды.

Кеңестің мақсаты – 2013 жылы жарыққа шығару жоспарланып отырған, берілген мәселе бойынша практикалық басшылық жоспарының негізгі ұстанымдарын талқылау және келісу, сонымен қатар сарапшылардың өшпенділік негізінде жасалған қылмыстар туралы статистикалық деректерді жинау және мониторинг өткізу саласында атқарған қызметі бойынша тәжірибесімен өзара алмасуы және оны талқылауы болды. 

Кеңеске 7 елдің құқық қорғау органдары және тәуелсіз құқық қорғау ұйымдарының өкілдері (Қазақстан, Чехия, Польша, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Хорватия), солардың ішінде ҮЕҰ өкілдері - «Human Rights First» («Адам құқықтары бірінші орында»), «The Anti-Defamation League» («Диффамацияға қарсы лига»), «The European Union Agency for Fundamental Rights» («Негізгі құқықтар бойынша Еуропа Одағының агенттігі») қатысты.

Кеңес барысында өшпенділік негізінде жасалған қылмыстар санатына жататын қылмыс түрлері және санаттары, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі күрделі мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, адресаттарға қатысты басшылық жобасының арнаулы бөлімдері және оларды қоғамның барлық деңгейлерінде практикалық қызметте пайдаланудың негізгі қырлары талқыға салынды. 

Басшылық жобасының мазмұны және нысаны бойынша пікір алмасу жүзеге асып, оны оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Жалпы алғанда, кездесу, қылмыстар туралы мәлімет жинауға байланысты мәселені шешу жолдары ұсынылып, тиімді және пайдалы өтті.

Қатысушылар Қазақстандағы құқықтық статистикалық мәліметті қалыптастыру жүйесіне оң бағаларын берді.

Мамыр

2012 жылғы 30 мамырдаКомитет ғимаратында РФ ІІМ тергеу департаменті басшысы А.В. Романовтың және РФ ІІМ халықаралық әріптестік бөлімі басшысы А.В. Крохмальдың құрамындағыРесей Федерациясы ІІМ делегациясымен кездесу өтті.

Ресей өкілдері Қазақстанға инновациялық технологияларды прокуратура органдарының қызметінде қолдану тәжірибесімен танысу мақсатында сапар шекті.

Кездесу барысында: «Қылмыстар және оқиғалар туралы өтініштер және хабарламаларды электронды тіркеу» (Электронды ӨАЕК); «Интернет арқылы өтініш беру»; «Айқын»; «Шектеу»; «Бизнес тірегі» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері ұсынылды.

Сәуір

2012 жылғы сәуір айының 25-нен бастап 27-не дейінгі аралықта Мемлекетаралық ақпараттық банк қалыптастыру және электронды түрде ақпарат алмасу іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері бойынша ТМД-ға мүше-мемлекеттердің құқық қорғау органдарының ақпараттық қызмет орталықтары басшыларының кезекті кеңесі  өтті.

Кеңес жұмысына Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы С.М. Айтпаева, Комитет Төрағасының орынбасары Е.Қ. Мәбиев, Комитеттің Талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Е.К. Ахметов қатысты.

Кеңес барысында Мемлекетаралық ақпараттық банк қалыптастыру және электронды түрде ақпарат алмасу іс-шараларын ұйымдастыру, нақтылай алғанда ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ТМД-ға мүше-мемлекеттердің құқық қорғау органдарына электронды құжат алмасуды ұйымдастыру мақсатында тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңестің шешімі ретінде ақпараттық өзара әрекеттестіктің технологиялық құрамдастарын жетілдіру саласында келешекте әрі қарай сындарлы ықпалдастыру белгіленді.  

Ақпан

2012 жылғы 14 ақпанда Варшава қаласында (Польша Республикасы) «Жауапты іс-шаралар бойынша тиімді саясатты іске асыру үшін өшпенділік негізінде жасалған қылмыстар жөнінде дерек жинау және мониторинг жүргізу: практикалық басшылық»тақырыбында сарапшылар кеңесі өтті. 

Кеңеске Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті  талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының басшысы Р.Н. Исаев қатысты 

Кеңес барысында практикалық нұсқаулық әзірлеу мәселесі талқыланып, шешімдер қабылданды; сарапшылардың өшпенділік негізде жасалған қылмыстар бойынша деректер жинау және мониторинг жүйесін жүргізу тәжірибесі зерделенді, алдыңғы қатарлы тәжірибенізерделеу мақсатында сапарлардың құрылымдары мен барысы талқыға салынды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.