You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2011 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Желтоқсан

2011 жылдың 1 желтоқсанында Бас прокуратурада «Мемлекетаралық ақпараттық банкті қалыптастыруды және электрондық түрде ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөніндегі бірінші кезекті іс-шаралар» тақырыбында ТМД мүше-мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының орталық ақпараттық қызметтері басшыларының мәжілісі өтті.

Мәжіліс жұмысына Беларусия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украинаның құқық қорғау органдарының 13 өкілі қатысты.

Беларусь– Рыжанович Геннадий Болеславович, Ақпараттық орталық бастығының орынбасары – Беларусия ІІМ криминалдық ақпарат орталығының бастығы, милиция полковнигі;

Кыргызстан– Усубалиев Азизбек Зымчыбекович, Қырғызстан ІІМ Ақпараттық-талдау орталығының бастығы, милиция полковнигі; Дуйшебаев  Жыргалбек Асылбекович, Қырғызстан АТО бөлімінің бастығы, милиция подполковнигі;

Молдова– Борденюк Артур Васильевич,  Молдова ІІМ Ақпарат және жедел есепке алу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі; Успенская Наталья Владимировна, Молдова АЖЕБ ақпарат мониторингі бөлімінің бастығы, полиция майоры;

Ресей – Важев Павел Анатольевич, РФ ІІМ Басты ақпараттық-талдау орталығының бастығы, ішкі қызметтің генерал-майоры; Бушуев Александр Валентинович,  РФ ІІМ БАТО бастығының орынбасары, ішкі қызмет полковнигі; Чирков Константин Александрович, РФ ІІМ Ақпараттық технологиялар, байланыс және ақпаратты қорғау департаменті ақпаратты қорғау басқармасының бастығы; Абрамкина Татьяна Сергеевна, РФ ІІМ Ақпараттық технологиялар, байланыс және ақпаратты қорғау департаменті ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, РФ 1-сыныпты мемлекеттік азаматтық қызмет кеңесшісі;

Тажікстан -  Рабиев Алишер Акбарович, Тәжікстан ІІМ Басты ақпараттық-талдау орталығы бастығының орынбасары, милиция подполковнигі;

Өзбекстан- Хакимов Абдухамид Хабирович, Өзбекстан ІІМ Ақпараттық орталығының бастығы, подполковник;

Украина– Аршинов Игорь Анатольевич,  Украина ІІМ штабының ақпаратпен қамтамасыз ету басты басқармасының бастығы, милиция генерал-майоры; Наумов Вадим Васильевич, басты басқарма бастығының орынбасары – Украина ІІМ ақпаратпен қамтамасыз ету басты басқармасының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелері басқармасының бастығы;

Қараша

2011 жылғы 10 қарашада ҚР Бас прокуратурасы өткізген «Бүгінгі заманғы қоғамның жаңа сыны мен қатерлеріне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы бойынша іс-шаралар аясында халықаралық ынетымақтастықтың Гарманиялық қоры өкілдерімен таныстыру кездесуі өтті.

Германиялық тараптан кездесуге Клеве қ. Бас прокурорының орынбасары Гюнтер Найфер және Дюссельдорф қ. прокуратурасының прокуроры Андреас Штюве қатысты.

Қазан

2011 жылғы 6 қазанда Комитет Төрағасы Орталық, Шығыс Европа және Орталық Азия елдеріне арналған Халықаралық Прокурорлар Ассоциациасының 6-Аймақтық конференциясына қатысып, «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі құқықтық статистика органдарының рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

2011 жылғы 4-6 қазанда Украинаның, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының делегациясымен кездесулер өтті.

Кездесу мақсаты Комитеттің құрылу тарихымен және жұмысымен таныстыру болды.

Делегация басшысы РФ Бас прокуратурасы құқықтық статистика басқармасының бастығы О.А.Инсаров жылы қабылдауға алғыс білдірді.

Солнымен қатар, делегация құрамында РФ Бас прокуратурасының құқықтық статистика басқармасы жиынтық мемлекеттік есептілікті дайындау бөлімінің бастығы О.А.Трушкина, РФ Бас прокуратураның құқықтық статистика басқармасы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы А.А.Лютоева қатысты.

Кездесу барысында Комитеттің 5 автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің, сонымен қатар «Айқын», «ORACLE BI» электрондық ӨЕК және электрондық талонның көрсетілімі болды. Сондай-ақ, «Бизнес тірегі» жаңа жобасы мен Комитеттің бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу жөніндегі қызметі таныстырылды.

Маусым

2011 жылдың 15 маусымында Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығы делегациясымен кездесу өтті.

Бұл кездесудің мақсаты Комитетте қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың статистикалық есебін жүргізу тәжірибесін зерделеу болды.

Делегацияның басшысы Бас ақпараттық-талдау орталығы бастығының орынбасары А.В. Бушуев ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, делегация құрамына РФ ІІМ БАТО ЦСИ бастығыныңорынбасары - А.О.Шувалова, РФ ІІМ БАТО ЦСИ 4-бөлімі бастығының орынбасары - М.П.Чистов қатысты.

Сәуір

2011 жылдың 27 сәуірінде КомитеттеТүркия Республикасы Әділет академиясының  делегациясымен  кездесу өтті.

Делегация құрамында болғандар: Әділет академиясының басшысы, Жоғарғы Сот мүшесі - Йылдырым Хусейн, Академияның экс-орынбасары - Сами Сезай Орал, Академияның оқу бөлімінің директоры - Айше Нише Гуль, Академияның халықаралық бөлімінің координаторы - Рамазан Чайлы.

Түріктер тарапының Қазақстанға келу мақсаты елдегі құқыққорғау және сот органдарының қызметімен танысуболды.

Кездесу барысында құқықтық статистика және арнайы есепкеалуоргандарының құрылу, даму тарихы, сондай-ақ Комитеттің азаматтардың конституциялық құқықтары мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау қызметі туралы ақпарат берілді, сонымен қатар автоматтандырылған ақпаратық жүйелер таныстырылды.

Ақпан

2011 жылдың 5 ақпанындаТәжікстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерімен кездесу өтті,  онда делегация өкілдері Комитеттің қызметімен және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен таныстырылды.

Тәжікстан Республикасы делегациясының құрамында Тәжікстан БП басқармасының прокуроры - К.И.Негматов, БП басқармасының прокуроры - Х.Ч.Холиков, Тәжікстанның Согдий облысы прокуратурасы бөлімінің бастығы - М.С. Абдурахмонов, Тәжікстанның Горно-Бадахшанская автономдық облысының прокуратурасы бөлімінің бастығы - К.Ф.Займуддинов, Тәжікстанның Хатлон облысы прокурорының аға көмекшісі - Б.Х.Нозимчонов болды.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.