You are here

Халықаралық іс-шаралар хроникасы 2010 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қазан

2010 жылғы 22-23 қазанда Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының қызметкерлерімен «Ресей Федерациясында қолдану мақсатында Комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу тәжірибесін (РФ БА-да осындай органды құру) зерделеу» тақырыбында кездесу өтті.

Қазіргі уақытта РФ Бас прокуратурасының құрылымында құқықтық статистика басқармасы құрылды, оған бірыңғай есепке алу жүйесін және әдістемесін, сондай-ақ қылмыстылық, қылмыстың ашылу жағдайы, тергеу жұмысы және прокурорлық қадағалау туралы статистикалық есептілікті әзірлеу, сонымен қатар прокуратура органдарында есептілікті қалыптастыру және ұсынудың бірыңғай тәртібін белгілеу жөніндегі міндет жүктелген. 

Мамыр

2010 жылдың 13-14 мамырында Әзірбайжан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында олар құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүзеге асыратын тексерулерді есепке алу жөніндегі қазақстандық тәжірибені зерделеді.

Тәжірибені зерделеу Әзірбайжан Республикасындағы осыған ұқсас тексерулерді есепке алу жүйесін ұйымдастыруға байланысты.

Сәуір

2010 жылдың 8-9 сәуірінде ҚР Бас прокуратурасына Чехия Республикасы Бас Прокуроры Р.Весецк ханымның басшылығымен Чехия прокуратура органдарының делегациясы келді, оларға Комитет қызметі мен жұмысы таныстырылды. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.