You are here

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына құқық қорғау қызметіне тұру тәртібі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес құқық қорғау органдарына тұру кандидаттардың тағылымдамадан міндетті түрде өтуі арқылы конкурс негізінде іске асырылады.

2014 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының №40 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесі» (бұдан әрі - Ереже) бекітілді.

Аталған Ереже 2014 жылдың 2 тамызынан бастап күшіне енгізілді.

Ереженің 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу туралы хабарландырулар тисті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда жарияланады.

Мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін конкурс өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның және конкурсты жариялаған прокуратура органының интернет-ресурстарына орналастырылады.

Азаматтар іріктеуге және конкурсқа қатысу шығыстары (тестілеу, әңгімелесу, тағылымдама өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) азаматтардың өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзіледi.

Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сауалнама;

3) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Жарияланған лауазымға белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде азаматтар әңгімелесуден өтуге жіберіледі, онда жеке, моральдық, іскери және кәсіби қасиеттері бағаланады.

Әңгілемесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия кандидатты әңгімелесуден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды, одан өту мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы кандиадаттардың тағылымдамадан өткеннен кейін өткізіледі. 

Конкурстық комиссия қорытынды отырысты өткізу нәтижелері бойынша мына шешімдердің біреуін:

1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынуды; 

2) бос орынға орналастыру резервіне енгізуге ұсынуды;

3)жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартуды қабылдайды.  Жарияланған бос лауазымдарға тағайындалуға, сондай-ақ бос лауазымдарға орналастыру резервіне енгізуге ұсынылған кандидаттардың тізімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық стенділерінде, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады. 

Конкурсқа дейінгі рәсімдерді ретке келтіру мақсатында 2016 жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 26.12.2015 жылғы №156 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) қолданысқа енгізілді.

Кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу бірізді кезеңдерден өтуді қамтиды:

1) деңгейінің кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестігін анықтау;

2) Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу (одан әрі – тестілеу);

3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу; 

4) міндетті арнайы тексеріс.

Прокуратура органдарына қызметке қабылдануға ниетті кандидаттарды (одан әрі – кандидат) іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аумақтық прокуратура органының кадр қызметімен осы Іріктеу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады. 

Деңгейінің кәсіби құзыреттілікке сәйкестігін анықтауды кадр қызметі кандидаттарды іріктеу көзделіп отырған прокуратура органы бөлімшесінің тәжірибелі қызметкерлерін тарта отырып жүзеге асырады.

Кандидаттарды тестілеу олар өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Іріктеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес, Компьютерлік тестілеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Тестілеу бойынша төменгі мәні сұрақтардың жалпы санының 70 пайызынан кем емес дұрыс жауаптардан тұрады.

Бұл тұста Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі ұстау ережесін анықтайтын нормативтік құқықтық актілер  бойынша дұрыс жауаптардың саны әр нормативтік құқықтық акт бойынша 70 пайыздан кем болмауы тиіс.

Тестілеуден өту кезінде төменгі мәннен төмен баға алған кандидаттар тестілеудің алғашқы нәтижелерін алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайтадан тестілеуден өтуге рұқсат алады.

Тестілеуден өту кезінде төменгі мәннен төмен баға алған кандидаттарға медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтуге және міндетті арнайы тексеруден өтуге рұқсат берілмейді.

Тестілеу жүргізу нәтижелері бойынша кадр қызметі үш жұмыс күні ішінде кандидатқа қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда өткізілген медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдама береді (лауазымы мен мамандығына сәйкес).

Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден уақытылы өтпеген жағдайда кандидатқа жолдама қайталап берілмейді.

Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат тестілеуді өткізудің қорытындысы бойынша кадр қызметіне үш жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Іріктеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;

2)  жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптыларын көрсете отырып, осы Іріктеу қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;

3) жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) нотариалдық куәландырылған, бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;

Басқа мемлекеттерде, халықаралық ұйымдарда немесе шетелдік білім беру мекемелерінде (олардың филиалдарында) білім алған кандидат тану туралы немесе білімі туралы құжаттардың нострификациясы туралы куәлік ұсынады; 

5) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

6) азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс еткенін растайтын құжаттар.

Кандидат немесе оның жақын туысы атын, әкесінің атын (бар болса) тегін өзгерткен жағдайда атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгертудің мемлекеттік тіркеуі туралы құжаттың көшірмесін ұсынады.

Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидатқа қатысты құжаттарды кадр қызметі осы құжаттарды кандидат ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.

Прокуратура органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайлары бойынша жарамсыз деп танылған немесе прокуратура органдарына қызметке орналасуға кедергілердің болуы туралы қорытынды алынған жағдайда кадр қызметі осындай кандидаттарға әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын және міндетті арнайы тексерудің нәтижесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидатқа хабарлайды.

Іріктеуге қатысу жөніндегі шығыстарды (тестілеу жүргізетін орынға бару-қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) кандидаттар өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзедi.

Осылайша, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына қызметке тұруға ниеттенген жағдайда жоғарыда аталған конкурсқа дейінгі рәсімдерді өтуге жолдама алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті аумақтық басқармаларының кадр қызметіне жүгіну қажет.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарына лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысуға ниеттенген жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарындағы, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті аумақтық огандарының ресми сайттарындағы хабарландыруларды қарап отыру қажет.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.