You are here

Кәсіпкерге жадынама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

КӘСІПКЕРГЕ ЖАДЫНАМА!

Егер сізге тексерумен келсе, Сіз білуіңіз керек:

 

1 КЕҢЕС: НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР.

Бақылау-қадағалау қызметтері бар тексеруші адам – бұл ең алдымен мемлекеттік қызметкер.

ҚР Әдеп Кодексінің нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметші өзінің iскерлiк қасиеттері бойынша адал, әділетті, қарапайым болуы қажет, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуы тиіс.  

2 КЕҢЕС: ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тексерушілердің мақсаты тексеру немесе бақылаудың өзге де нысанын жүргізу болып табылады.

Егер тексерушілердің келуі бақылаудың өзге нысанына жатса, олардың әрекеттері ескерту-алдын алу сипатында болады, олардың нәтижелері бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмастан қорытынды құжаттар құрылады (анықтама, ұйғарым, қорытынды және басқасы) (аталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға қолданылмайды).

Егер тексерушілердің әрекеттері тексеруге жатса, бұл жағдайда объектіге тексеруге келген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мыналарды ұсынуға міндетті:

- уәкілетті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелгені туралы белгісі бар тексеру тағайындау туралы актіні (ұйғарым, қаулы, бұйрық),

- қызметтік куәлікті,

- қажет болған жағдайда, режимді объектілерге баруға құзыретті органның рұқсаты,

- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте берген, объектілерге бару үшін қажетті болатын медициналық рұқсатнама,

- тексеруге жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағы.

Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексерушілердің тексеру жүргізуге құқығы жоқ.

 (Тіркелген тексеру туралы ақпаратты сіз http://service.pravstat.kz сайтындағы «Бизнес тiрегi» қосымша терезесінен тексере аласыз). 

Тексеру тағайындаудың басы ретінде тексерілетін субъектіге тексеру тағайындау туралы актіні беру есептеледі.

 3 КЕҢЕС: ТЕКСЕРУШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 154-бабы).

Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары бақылау мен қадағалауды жүргізген кезде:

- Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

- осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде немесе тәртіпке қатаң сәйкестікте тексерулер жүргізуге;

- тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

- ҚР заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын болдырмау, анықтау және бұлтартпау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерін уақытылы және толықтай орындауға;

- тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектіге кедергі келтірмеуге, тексеру мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктеме беруге;

- тексерілетін субъектіге тексеру жүргізу кезінде оның мәніне қатысты қажетті ақпаратты ұсынуға;

- жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъектіге тапсыруға;

- тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

4 КЕҢЕС: ТЕКСЕРІЛЕТІН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 155-бабы)

Тексерілетін субъектілер немесе олардың уәкілетті өкілдері бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде, құқылы:

1) объектіге тексеру жүргізу үшін келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларын тексеруге жібермеуге, келесі жағдайларда:

- тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізудің кезеңділігін сақтамаған жағдайда,

- тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдері асып кеткен немесе өткен жағдайда,

- бір кезеңде бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге (объектіге) бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындаған жағдайда,

- егер алдындағы тексеруде бұзушылықтар анықталмаса, бұрын берілген ұйғарымды (қаулының және т.б.) орындау мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындаған жағдайда;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде басқасы көзделмеген болса, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шегінен асып тексеру тағайындаған жағдайда,

- тексеру тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылған бірнеше субъектіні көрсеткен жағдайда, (Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда),

- осы Кодексте белгіленген мерзімнен артық уақытқа тексеру мерзімдерін ұзартқан жағдайда;

2) жүргізілетін тексеру мәніне жатпаса немесе актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, мәліметтерді ұсынбауға;

3) тексеру тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды тұлғалардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін заңмен негізделмеген тыйымдарын орындамауға;

5) лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірместен, тексеруді жүзеге асыру процесін, сонымен қатар лауазымды тұлғаның тексеру аясында жүргізген жекелеген әрекеттерін аудио және бейне техника арқылы тіркеуге;

6) өз мүдделері мен құқықтарын ұсыну мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға.

5 КЕҢЕС: ТЕКСЕРІЛЕТІН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ.

Тексерілетін субъектілер немесе олардың уәкілетті өкілдері бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектіге барып тексеру және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде, міндетті:

 1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда, бақылау және қадағалау органдары лауазымды тұлғаларының тексерілетін субъектінің аумағына және орын-жайына кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге,

2) коммерциялық, салық немесе өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттарды (мәліметтерді) тексеру нәтижелері туралы актіге қосу үшін кедергісіз қолжетімдігін, сондай-ақ тексеру міндеттері мен мәніне байланысты автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті қамтамасыз етуге,

 3) тексеру тағайындау туралы актінің екінші данасында алғаны туралы белгі жасауға, 4) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасында ол аяқталған күні алғаны туралы белгі қоюға, 5) Қазақстан Республикасының заңдарында басқасы көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге, 6) осы объекті үшін білгеленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету фактілерінен объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, 7) хабарламаны алған жағдайда тексерілетін объектінің орналасқан жерінде белгіленген тексеру мерзімдерінде орнында болуға. 

6 КЕҢЕС: ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ.

Тексеру нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасы екі данада тексеру нәтижелері туралы актіні құрады.

Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы тексерілетін субъектідегі түпнұсқада бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкілдеріне танысу және анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар мен өзге де іс-қимылдарды қабылдау үшін тапсырылады. 

7 КЕҢЕС: ТЕКСЕРУШІЛЕРДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ШАҒЫМДАНУ.

Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Сіз бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқылысыз.

Ескерту: Тексерушіге ешқашан пара бермеңіз, себебі бұл үшін ҚР ҚК 367-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік және 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өз мәселеңізді әрдайым заңды жолмен шешіңіз және шындықты іздеген адам әрдайым оны табатынын біліңіз.

 

 

                                         Комитет пен оның бөлімшелерінің телефондары:

 

Астана қ.

8 (7172) 32-49-18

Алматы қ.  

8 (7272) 61-15-73

Ақмола облысы

8 (7162) 25-37-91

Ақтөбе облысы

8 (7132) 96-90-70

Алматы облысы   

8 (7282) 24-07-36

Атырау облысы

8 (7122) 32-55-95

Шығыс Қазақстан облысы

8 (7232) 53-74-25

Жамбыл облысы

8 (7262) 45-78-01 

Батыс Казақстан облысы

8 (7112) 50-09-27

Қарағанды облысы

8 (7212) 56-94-03

Қызылорда облысы

8 (7242) 27-64-09

Қостанай облысы

8 (7142) 53-63-75

Маңғыстау облысы

8 (7292) 43-18-33

Павлодар облысы

8 (7182) 53-55-66

Солтүстік Қазақстан облысы

8 (7152) 42-24-67

Оңтүстік Қазақстан облысы

8 (7252) 55-12-24

Аймақтық көліктік басқарма

8 (7172) 73-03-10

Әскери басқарма

8 (7272) 71-23-04

ҚР БП Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитеті                       

 тел. 8 (7172) 31-79-74 e-mail: pred3@pravstat.kz

 

ТіркемеКөлем
File akty_22.docx783.53 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.