You are here

Кәсіпкерге арналған жадынама!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кәсіпкерге арналған жадынама!

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

КӘСІПКЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА!

 

Егер сізге тексеріс келсе, Сіздің білуіңіз қажет:

 

1-КЕҢЕС: НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР.

 

Бақылау-қадағалау қызметтеріне ие тексеруші тұлға – бұл ең алдымен мемлекеттік қызметші.

ҚР Әдеп Кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшілер өздерінің іскерлік сапасына қарай адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.

 

2-КЕҢЕС: ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

Тексерушілердің мақсаты тексерулер немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу болып табылады.

 

Егер тексерушілердің келуі профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататын болса, олардың іс-әрекеті ескерту-алдын алу сипатында болады, нәтижесінде (аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға қолданылмайды), әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қозғамай, заңдылықтың бұзылуын жою туралы нұсқау толтырылады.

 

Егер де тексерушілердің әрекеті тексеруге немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататын болса, бұл жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы:

 

-                     құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органында тіркелгендігі туралы белгісі бар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні (нұсқама, қаулы, бұйрық),

-                     қызметтік куәлігін,

-                     қажет болған жағдайда құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын,

-                      денсаулық сақтау саласындағы белгілі уәкілетті органмен берілген объектілерга бару үшін қажетті медициналық рұқсат қағазын,

-                     бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруге және профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағын табыстауға міндетті.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексерушілер бақылау-қадағалау қызметтерін жүргізуге құқығы жоқ.

 

(Тіркелген тексеріс туралы ақпаратты http://QAMQOR.GOV.kz сайтындағы «Бизнес тiрегi - опора бизнеса» қосымша парақшада және «QAMQOR» ұялы қосымшасы арқылы тексере аласыз).

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлға басшысына не оның  уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) табыстау уақыты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталуы болып табылады.

 

3-КЕҢЕС: ТЕКСЕРУШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ (Кәсіпкерлік Кодексінің 154-бабы).

 

Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде:

 

-                     Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;

-                     тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды Кәсіпкерлік кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;

-                     тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеуге;

-                     Кәсіпкерлік кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындауға;

-                     тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;

-                     тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау және қадағалау субъектісіне беруге;

-                     бақылау және қадағалау субъектісіне жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актіні немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні немесе «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;

-                     тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

4-КЕҢЕС: ТЕКСЕРІЛЕТІН СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ (Кәсіпкерлік Кодексінің 155-бабы).

 

Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:

 

1)                тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға мынадай:

-                     Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімділігі сақталмаған;

-                     тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, Кәсіпкерлік кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен;

-                     бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол мәселе бойынша өзіне қатысты бұрын тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындаған;

-                     егер алдыңғы тексеруде немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауда және қадағалауда бұзушылықтар анықталмаған болса, бұған дейін берілген нұсқамалады орындау мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындалған;

-                     жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін тексеру тағайындалған;

-                     тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тапсырылған;

-                     тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы бір актіде тексеруге немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға тартылатын бірнеше бақылау және қадағалау субъектісі көрсетілген (Кәсіпкерлік кодекстің 147-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда);

-                     тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мерзімдері Кәсіпкерлік кодексте белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған жағдайларда жібермеуге;

2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына, сондай-ақ актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;

3) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Кәсіпкерлік кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;

5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио - және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;

6) өзінің мүдделері мен құқықтарын білдіруі мақсатында тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

 

5-КЕҢЕС: ТЕКСЕРІЛЕТІН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ.

 

Бақылау және қадағалау органдары тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген кезде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:

1) Кәсіпкерлік кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың міндеттеріне және нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

3) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

4) жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау аяқталған күні алғаны туралы белгі қоюға;

5) егер Кәсіпкерлік кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

7) хабарламаны алған жағдайда, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған мерзімдерде бақылау және қадағалау объектісінің орналасқан жерінде болуға міндетті.

 

6-КЕҢЕС: ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ.

 

Тексеру нәтижесі бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасымен тексеру нәтижелері туралы акт және нұсқама үш данада жасалады.

Бақылау және қадағалау органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып беріледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.

 

7-КЕҢЕС: Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың НӘТИЖЕЛЕРІ.

 

Тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүргізілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасымен бұзушылықтар болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады. Бақылау және қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып табыс етіледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.

 

8-КЕҢЕС: ТЕКСЕРУШІЛЕРДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ.

 

Бақылау және қадағалауды жүзеге асыру кезінде Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, Сіз бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған мемлекеттiк органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа шағым жасауға құқылысыз.

 

Комитеттің және оның бөлімшелерінің телефондары:

 

Астана қаласы

8 (7172) 32-49-18

 

Алматы қаласы

8 (7272) 61-15-73

 

Ақмола облысы

8 (7162) 25-37-91

 

Ақтөбе облысы

8 (7132) 96-90-70

 

Алматы облысы

8 (7282) 24-07-36

 

Атырау облысы

8 (7122) 32-55-95

 

Шығыс Қазақстан облысы

8 (7232) 53-74-25

 

Жамбыл облысы

8 (7262) 45-78-01

 

Батыс Қазақстан облысы

8 (7112) 50-09-27

 

Қарағанды облысы

8 (7212) 56-94-03

 

Қызылорда облысы

8 (7242) 27-64-09

 

Қостанай облысы

8 (7142) 53-63-75

 

Маңғыстау облысы

8 (7292) 43-18-33

 

Павлодар облысы

8 (7182) 53-55-66

 

Солтүстік Қазақстан облысы

8 (7152) 42-24-67

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

8 (7252) 55-12-24

 

Аймақтық көлік регионы

8 (7172) 73-03-10

 

Әскери басқарма

8 (7272) 71-23-04

 

ҚР БП Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу

жөніндегі комитеті

тел. 8 (7172) 31-79-74 e-mail: 7175242@kgp.kz

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

ҚОСЫМШАНЫ ЖҮКТЕУ

Android үшін

iOS үшін

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.