You are here

Кәсіпкер назарына

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті кәсіпкерлер! 

Комитет тексерулерді тіркеу барысында оның заңды тағайындалуын  қамтамасыз ету арқылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және бақылаушы органдар тарапынан олардың қызметтеріне заңсыз кірісуді жою мақсатында  жұмыстарды жүргізуде.

Тексерулерді негізсіз немесе заңсыз тағайындау жағдайларында Комитетке тіркеуден бас тарту құқығы берілген.

Бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерi, бiрыңғай қағидаттары және тексерулерді жүргізу тәртібі «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік белгіленген.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау туралы» Қазақстан Респуликасының Заңын жазып алу қажет Тексерулерді тіркеудің тікелей тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылдың 26 қантарындағы № 13 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығымен реттелген.

Мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді  есепке алу және бақылау,  бірыңғай  мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулығын жазып алу қажет

Кәсіпкерлермен жалпы танысып және күнделікті қызметінде тікелей пайдалану мақсатында Комитет жалпы заңнамалық нормалары, тараптардың құқығы мен міндеттемелері көрсетілген Жадынаманы әзірледі. 

Кәсіпкердің Жадынамасын  жазып алу қажет

Жоспарлы тексеруді жүргізу үшін келген лауазымды тұлғалардың, тексеруге жататын заңдылықтың талаптарының нақты және толыққанды тізбесі көрсетілген тексеру парағын ұсынуы, заңнама талаптарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, заңнама талаптарына сай жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ерекше тәртіп бойынша тексеру ҚР Бас прокуратурасыныңwww.prokuror.kz ресми сайтына жариялану қажет. 

Одан басқа, Комитет кәсіпкерлерге көмек ретінде тексеру жүргізу тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Бизнес тірегі» жобасын іске асыруда

Бұл жоба тексерудің нақты тіркелуі, оның негізділігі, тақырыбы, тексерушілердің құрамы туралы білуге, сонымен қатар жол берілген құқық бұзушылықтар жөнінде хабарлауға мүмкіндік береді

 «Бизнес тірегі» жобасының ерекшеліктері

 Аталған жоба аясында тексерулердің тіркелуі туралы ақпаратты сайттың бастапқы бетіндегі «Ақпараттық сервис» Порталы» - бөлімінен алуға болады.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.