You are here

Жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтама қызметін көрсету тәртібінің өзгеруі жөнінде хабарлама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мәлімет ретінде жұртшылықтың назарына жеткіземіз:

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында №816 Үкімет қаулысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет Тізіліміне өзгертулер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» жаңа көрсетілетін мемлекеттік қызметі «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге» ауыстырылды.

Жаңа нысан азаматтарға соттылық туралы анықтаманы оның жойылуын немесе алынып тасталуын ескере отырып беруді болжайды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша Стандарт және регламент бекітілгеннен кейін, ол «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалдарында (ХҚКО) және электронды үкімет порталы арқылы беріледі.

«Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес,  стандарт көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап үш айдың ішінде әзірленеді және бекітіледі.

Осылайша, 2017 жылдың 2-тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған соттылықтары жойылған болмаса алынып азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алатын болады.

Стандарттың жобасы қазіргі уақытта https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=881748 сайтында жариялы түрде талқылау рәсімінен өтуде.

Кез келген  қалаған адам жариялы талқылауға қатыса отырып, өзінің пікірін білдіре алады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Комитетінің Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.