You are here

Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Комитетінің Төрайымы Сәуле Айтпаева мен ұжымы астаналық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Оған Қазақстан Халықтары ассамблеясының қоғамдық ұйымдарының, атап айтқанда «Қырғызстан-Астана», «Алеф» және «Ван» ұйымдарының, сондай-ақ Мүгедектердің ерікті қоғамы, Пациенттер мен медицина қызметкерлеріне құқықтық демеу орталығының, «Ардагер» бірлестігінің және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Комитет қызметкерлері «Қылмыстық құқықбұзушылық картасы» мен Комитеттің басқа да ақпараттық сервистерінің мүмкіншіліктерін көрсетіп, Комитеттің интернет қызметі арқылы полицияға арыз беру және оның қаралу барысын қадағалап отырудың,  сондай-ақ мемлекеттік органдарға берілген арыздардың қаралу нәтижелерін біліп отырудың жай-жапсарын, қажет болған жағдайда айыппұл бар -жоғын білу және басқа да жұртшылыққа көрсетілетін қызметтерді нақты мысалдармен егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Өз кезегінде Қазақстан Халықтары ассамблеясының өкілі «Қырғызстан-Астана» қоғамдық ұйымының мүшесі Ш.Исмаилов құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына алғыс білдіре келіп, Комитет ақпараттары арқылы кезінде Қарлагта болған қырғызстандық тұтқындар туралы деректерді іздестірудің оң нәтиже бергенін аса ризашылықпен айтып берді. Ол деректер Қырғызстанның Мемлекеттік тарихи музейіне беріліп, баспасөз беттерінде жарияланған.

Кездесу барысында сол сияқты «Ван» армян орталығынан С.Соумян, «Әлем әйелдері достығы орталығы» ұйымынан С.Инарбаева сөз алып, Комитет сервисінің қалың жұртшылық үшін де аса пайдалы болып отырғанын тілге тиек етті.

Кездесуге келгендер Коитеттің ақпараттық мүмкіндіктеріне аса қызығушылық танытып, өзара ынтымақтастыққа қол жеткізуге ынта білдірді.

Олар жөнінде халыққа кеңінен жеткізу мақсатында келушілерге комитеттің түрлі қызметтері жөнінде плакаттар мен буклеттер таратылып берілді.

 

Бас прокуратура Комитетінің

Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.