You are here

Соттылық туралы анықтаманы берудің жаңа үлгісі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Соттылық туралы анықтама берудің жаңа үлгісі туралы» тақырыбында брифинг өткізетіндігі туралы хабарлайды.

 

2016 жылдың 15 желтоқсанында Үкіметтің №816 қаулысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамаға қатысты өзгертулер енгізілді.

 

«Бүгінгі күннен бастап азаматтар жаңа үлгідегі анықтаманы ала алады. Жаңа тізілім бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру»-дің орнына «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» болып өзгерді.

 

Жаңа Стандарт қабылданғаннан кейін соттылығы өтелген немесе алынып тасталған, оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған азаматтар «Соттылығы жоқ» жазбасымен таза анықтама алатын болады.» - деді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.

 

Айыппұл салынған адамдар оны төлегеннен кейін, соттылықтың өтелуі туралы мәліметтерді енгізу үшін Комитеттің аумақтық органдарына жүгінулері қажет.

 

Сондай-ақ, қағаз жүзінде соттылықтың болуы немесе болмауы туралы апостиль қойылған анықтаманы қажет ететін шетелге шығатын тұлғаларға – анықтама 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған мерзімімен бірыңғай қызметте берілетін болады.

 

БАҚ-қа арналған қосымша ақпарат:

+7 (7172) 31-74-56

press@kgp.kz

Соттылық туралы анықтаманы берудің жаңа үлгісі туралы - 1316452189

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.