You are here

Прокурорлар зейнеткерді заңсыз тексеруден құтқарып қалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Комитет бизнесті қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және оның бір мысалын Қарағанды облысы бойынша басқармасының нәтижелі әрекетінен көруге болады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында зейнеткер-кәсіпкер Ольга  Коцубинская Теміртау қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының (әрі қарай - ТҚҚБ) тексерісіне ұшыраған болатын.

Сатылымға шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі тексеріліп, нәтижесінде зейнеткерге тауарға сертификат ұсыну талабы қойыла отырып, тауарларының техникалық регламентке сай еместігі жөнінде ұйғарым шығарылды.

Ұйғарымның орындалуына 5 күндік уақыт берілді.

Коцубинская белгіленген уақытта сертификат ұсынуға мүмкіндігі болмады, нәтижесінде ТҚҚБ ұсынысы бойынша ағымдағы жылдың 2 ақпанындағы Теміртау қалалық сот шешімімен зейнеткерге 158 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жағдай Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен бақылауға алынған және зерделеу барысында Коцубинскаяға қатысты қабылданған шаралар заңнамалық қағидаларға қайшы екендігі анықталды.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларына сәйкес мұндай тексерулер – бақылаудың өзге де нысандары ескерту-профирактикалық сипат алуы қажет (Кодекстің 137-б. 1-т. 2-т.).

Құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Кодекске сәйкес талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар (Кодекстің 13-б.).

Көрсетілген нормалар кәсіпкерлердің  құқықтарын қорғау органдарымен есепке алынбаған және заң талаптарына қарамастан жоспардан тыс тексеріс тағайындалып, кәсіпкерге қатысты жазалау шарасы қолданылды.

Аутоиммундық ауруы бар және тұрақты емделуге мұқтаж зейнеткер-кәсіпкердің құқықтарын қорғау мақсатында Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен Теміртау қаласының прокуратурасына ақпараттық хат енгізілді.

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында ақпараттық хат қаралып, О.Н.Коцубинскаяға қатысты істі қайта қарау туралы және әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының күшін жою жөнінде Теміртау қалалық сотына өтініш жолданды.

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Теміртау қалалық сотымен әкімшілік айыппұл салу туралы шешімнің күші жойылып,  О.Н.Коцубинская ЖК-ге қатысты әкімшілік іс қысқартылды.

Мұндай мысалдар аз емес, уәкілетті прокурорлар бақылаушы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінің әрбір фактілеріне жедел және әрекетті түрде ықпал етеді.

Комитеттің http://service.pravstat.kz/ сайтында осындай фактілер бойынша хабарлама қалдыруға болатын онлайн кеңесші жұмыс жасайды.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.