You are here

Прокурорлар, балалар, спорт

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің балалары арасында жеңіл атлетикадан ашық турнир ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында жеңіл атлетикадан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде спорттың 6 түрі (50м, 300 м және 1000м жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, ядроны лақтыру) бойынша 150-ден астам ер және қыз балалардың қатысуымен жарыс өткізілді.

Сонымен қатар, жарысқа қатысуға облыстың аз қамтылған отбасынан шыққан және мектеп-интернаттағы балалар шақырылды.

Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен  марапатталды. Ал балалар арасында жүзден жүйрік шыққандарға арнайы сыйлық ретінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы» берілді.

Іс-шараға Қарағанды қаласының әкімі, Қарағанды облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы және прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық статистика органдарының  мүмкіндіктері көрсетілді. Қылмыстық қол сұғушылықтардан қалай қорғану қажет екендігі түсіндірілді. Геокарталар көрсетіліп, ақпараттық сервистерді қолдану жөніндегі жадынама және «прокурорға 100 кеңес» атты анықтама таратылды.

Қуантатыны сол, турнир өткізілгеннен кейін турнирға қатысқан балалар бастаған істі жалғасырып, спорттық секцияларға жазылуға тілек білдіріп жатты.

Іс-шара құқықтық статистика органдарының 20-жылдығына арналды.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.