You are here

Прокуратура органдарының аллеясы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Комитеті прокуратура органдарының 25 жылдығына және құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары құрылуының 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралардың құрметіне «Прокуратура атынан қалаға» науқанын өткізді.

Комитет төрайымы Сәуле Айтпаеваның басшылығымен оның орынбасарлары мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерлері әкімдік бөлген аймақта 70-тен аса ағаш отырғызды.

Комитет төрайымы ұжымдағы бірлестік пен достастықтың маңызды рөлін атап өтіп, барлығына береке-бірлік және отбасы жылулығын тіледі: «Бұндай іс-шаралар, ең алдымен ұжымның рухын күшейтеді! Отырғызған әрбір ағаш тамырын кеңге жайып өссін, олармен қатар сіздер де сіздердің балаларыңыз да өсіп-өне берсін деп тілеймін! Біздің осындай көрікті қалада тұрып жатқанымыздың өзі бір бақыт, сондықтан оның өркендеуіне барынша ат салысып, үлесімізді қосқанымыз абзал».

Әрбір қызметкер өткізіліп жатқан іс-шараның мән-мағынасына терең бойлады және әрбір ағаш елімізге татулық пен бейбітшілік тілеумен отырғызылды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Комитетінің

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.