You are here

Прокуратура органдары жүйесіне қызметке орналасатындарға арналған ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарына қызметке  алғаш орналасатын азаматтарды іріктеудің үш сатылы жүйесін енгізді.

Бірінші кезең. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі мен заңнамасын білу тестілеуінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде немесе оның аумақтық  органдарында (бұдан әрі – уәкілетті орган) жеке қасиеттерді бағалау тестілеуінен өту.

Екінші кезең. Агенттікте іріктеу рәсімінен оң нәтижемен өтіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі мен заңнамасын білу тестілеуінен өткені туралы сертификат және Құқық қорғау қызметінің лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінің қорытындысын алған жағдайда үміткер іріктеу мен конкурсқа тікелей құқық қорғау органында (прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі және экономикалық тергеу органдары) қатысу құқығына ие болады.

Үшінші кезең. Құқық қорғау органы конкурстық комиссиясында сұхбаттасудан өту.

Құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын азаматтарды тестілеуден өткізу ережелері, бағдарламалары мен ұйымдастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен бекітілген.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.