You are here

«Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2017 жылдың 9-29 қараша айлары аралығында «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсын өткізеді.

Конкурсты өткізу тәртібі мен талаптары «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсы туралы» Комитет Төрағасының 2017 жылғы 9 қарашадағы № 93 н/қ бұйрығымен бекітілді. 

 

«Электрондық қылмыстық іс»

модулінің шаблондарын құру

үшін  «Процестік құжаттардың

үздік үлгілері» конкурсы туралы

Қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізу және «Электрондық қылмыстық іс» модулін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1.       Бекітілсін:

1)       Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсы туралы ереже;

2)       Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурс комиссиясының құрамы.

2.       Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасына, қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасына орындау үшін жолдансын.

3.       Осы бұйрық Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылсын.

4.       Осы бұйрықтың орындалуын бақылу Комитет Төрағасының Бірінші орынбасары М.Қ.Хамитовқа жүктелсін.

5.       Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Төрағасы                                                                                 Б.Мусин

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитеті Төрағасының

2017 жылғы «    »________

№___

бұйрығына 1-қосымша

 

 

 

 

«Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсы туралы

ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.     Осы Ереже «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізу тәртібі мен мақсатын, сондай-ақ  іс-шаралардың өткізілу мерзімдерін және оны қаржыландыру механизмін анықтайды.

2.     Конкурс ұйымдастырушысы болып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) табылады.

3.     Конкурс  2017 жылдың 9 қарашасынан бастап 29 қарашасына дейін өткізіледі.

4.     Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары заң білімі бар азаматтарына қатысуына болады.

5.     Конкурс комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша үздік үш жұмыс «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін пайдаланылады.

 

 

2-тарау. Конкурстың мақсаты

 

6.     Конкурс «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінің «Электрондық қылмыстық іс» модулінің (бұдан әрі – Е-ҚІ модулі) шаблондарын құру үшін процестік құжаттардың үздік үлгілерін іріктеу мақсатында өткізіледі.

 

 

3-тарау. Қонкурсқа қатысудың талаптары

 

7.       Осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкес процестік құжаттардың үлгілерін әзірлеу.

8.   Үлгілерді «е-ҚІ үлгілерінің шаблондары» белгісімен белгілеп келесі құжаттарды 7270798@kgp.kz электрондық мекенжайға жолдау:

- осы Ереженің қосымшасына сәйкес қонкурсқа қатысу өтінімі;

- диплом және жеке куәліктің көшірмелерінің сканерленген (электронды) нұсқалары.

     

 

4-тарау. Конкурстық жұмыстарды рәсімдеу талаптары

 

9.  Конкурсқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 5, 8 - 19, 23 - 39 тарауларында көзделген прокурорлық қадағалау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы процестік құжаттардың үлгілері ұсынылады.

10.                Ұсынылған процестік құжаттардың үлгілері қылмыстық-процестік заңнамасының, логикалық реттіліктің, заң техникасы талаптарына, стильдің ықшамдылығына сәйкес болуы тиіс.

11.                Процестік құжаттың әр бір үлгісі мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

12.                Процестік құжаттардың үлгілері Word редакторында Times New Roman әріпімен, 14 кегілімен,  № 1жоларалық интервалымен  терілуі тиіс.

13.                Егер қатысушы Конкурсқа қатысуға талап етілген толық ақпаратты хабарламаған жағдайда, Конкурс қатысушысы алған сыйдан бас тарту құқығын Конкурсты ұйымдастырушы өзіне қалдырады.

14.                Осы Ережеге міндетті түрде жариялаумен өзгерістер мен толықтыруларды енгізу құқығын ұйымдастырушы өзіне қалдырады.

 

 

5-тарау. Конкурс өткізудің және өтінімдерді берудің мерзімдері.

 

15.Конкурс өткізу мерзімі: 2017 жылдың 9 қарашасынан 29 қарашасына дейін.

15.1.         Жұмыстарды өткізу мерзімдері: 2017 жылдың 9 қарашасынан 20 қарашасына дейін.

15.2.         Конкурс нәтижелерінің мерзімі: 2017 жылдың 21 қарашасынан 25 қарашасына дейін.

15.3.         Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау:  2017 жылдың 29 қарашасында. 

 

 

6-тарау. Конкурсты ұйымдастырушылық-

әдістемелік қамтамасыз ету

 

16. Жеңімпазды және жүлдегерлерді анықтау үшін, конкурс ұйымдастырушысы Конкурс комиссиясын құрып оның құрамын бекітеді;

17. Конкурс комиссиясының құрамы Комитет Төрағасының                         «__»__________ 2017 жылғы №___  бұйрығының «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурс комиссиясының құрамы 2-қосымшасына сәйкес құрылады.

18.       Конкурс комиссиясының сандық құрамы 5 адамнан кем емес.

19.       Конкурс комиссиясы:

- Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалауды жүзеге асырады;

- Конкурстың қорытындыларын хаттамаға енгізеді;

- рейтинг негізінде жеңімпазды және жүлдегерлерді анықтайды;

-жеңімпазды және жүлдегерлерді марапаттау туралы шешімді шығарады.

20.  Конкурс комиссиясының шешімін қайта шағымдауға болмайды.

 

 

7-тарау. Конкурстың қорытындыларын шығару

 

21.       Конкурстың қорытындылары телефонмен қоңырау шалу арқылы хабарланады. Конкурс жеңімпазы және жүлдегерлері Комитеттің орталық аппаратына марапаттау үшін шақырылады.

22.       Жеңімпазға – ноутбук, екінші орын алған жүлдегерге – ұялы телефон, үшінші орын иеленген жүлдегерге – цифрлық фотоаппарат беріледі.

23.       Жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау Конкурстың қорытындыларын шығарғаннан кейін өткізіледі.

Конкурс жеңімпаздарының жұмыстары Комитеттің сайтында жарияланады.

 

 

«Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсы туралы ережеге қосымша

 

 

«Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсына қатысу

өтінімі

 

                                                        Конкурстық комиссияға

                                                             ___________________________________

                                                                             АТӘ (болған жағдайда)

                                                             ___________________________________

                                                           

                                                           Тұратын мекен-жайы__________________

                                                            ____________________________________

                                                                                                                                  

                                                            Білімі_______________________________

                                                                                            (ЖОО атауы)                                                                                                 

                                                            ____________________________________                                                                           

                                                           

                                                           Байланыс  телефоны___________________

                                                            ____________________________________

                                                            

                                                           Электрондық мекен-жайы

                                                           _____________________________________

 

 

         «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсына қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

         Қосымша:

- процестік құжаттардың үлгілері (атауларын атап өту).

 

 

                                                        _______________күні _______________қолы.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитеті Төрағасының

2017 жылғы «    »________

№___

бұйрығына 2-қосымша

 

 

 

«Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурс комиссиясының құрамы

 

1.               Комиссия Төрағасы:

Хамитов Мұрат Қабылжапарұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары (бұдан әрі - Комитет).

2.               Комиссия мүшелері:

1)       Балғабаев Ерболат Темірболатұлы – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі (келісім бойынша);

2)       Ахметов Ерәділ Қалидолаұлы – Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының бастығы;

3)       Чужиков Данияр Дүйсембайұлы – Комитеттің жобалар бөлімінің (жобалық кеңсе) бастығы ;

4)       Дүйсебаев Қанат Бақыткәрімұлы – Комитеттің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің аға прокуроры;

5)       Айтмағамбетов Марат Мұқанұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті басқармасы басшысының орынбасары;

6)       Бурлаева Екатерина Николаевна – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаментінің тергеушісі;

7)       Коканова Гүлшат Тайлаққызы – Комитеттің халықаралық ынтымақтастық және нормошығармашылық бөлімінің бастығы;

8)       Пірмаханова Айнур Бөлегенқызы – Комитеттің халықаралық ынтымақтастық және нормошығармашылық бөлімінің инспекторы.

 

Комитеттің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

316758

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.