You are here

Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ - 591361070

2017 жылғы 26 қазан, Астана. Қазақстанға ресми сапармен Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері келді.

Сапардың мақсаты құқық қорғау органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерттеу болды.

Бұл сапардың аясында Бас Прокурор Аппаратының Басшысымен кездесу ұйымдастырылды, сондай-ақ музейді, жобалық кеңсені және Құқық қорғау органдарының орталығын аралай отырып, Бас прокуратураның ғимараты бойынша экскурсиялық шолу жасалды.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жұмысы өзбек делегациясының қызығушылығын тудырды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелер, геокарталар, есептерді қалыптастыру рәсімі және органның өзге де ақпараттық мүмкіндіктері таныстырылды.

Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы делегациясының құрамында Өтініштермен жұмыс жасау басқармасының бастығы Миршод Бобоев, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы бастығының м.а. Гайрат Мусаев,  Мәжбүрлеп орындау бюросы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу орталығы директорының орынбасары Илхом Холдаров болды.

Делегация басшысы жылы қарсы алуға өз алғысын білдірді және алынған тәжІрибенің Өзбекстан прокуратурасының жұмысын жетілдіруге қолданылатынын атап өтті.

Комитеттің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz 

 

Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ - 313139049
Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ - 1843797398
Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ - 1538219122
Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ - 1293560584
Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ - 994458281

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.