Онтүстік облысында бос лауазымға конкурс жарияланады | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

You are here

Онтүстік облысында бос лауазымға конкурс жарияланады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі 40 үйде орналасқан, почталық индексі 160000, телефон: 8 (7252) 53-74-41, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» ММ. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2 талаптарына және 2014 жылдың 4 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесіне» (бұдан әрі - Ереже) сәйкес келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды, лауазымық жалақысы еңбек өтіліміне қарай  C-ОКGP-7 – 87069 тенге:

-  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры  – 1 бірлік (C-OКGP-7 категориясы).

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

C-OКGP-7 категориясы – білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

 

Құжаттарды қабылдау орны:

 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының кадр жұмысы тобы, мекен – жайы: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі 40 үй, телефон      8 (7252) 53-74-41.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу жөніндегі соңғы хабарламаны жариялаған күннен 5 жұмыс күні ішінде.

 

Қажетті құжаттар тізімі:  

  1. Өтініш (нысанға сәйкес);
  2. Сауалнама (нысанға сәйкес);
  3. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (нысанға сәйкес);
  4. Қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);
  5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  6. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  7. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  8. Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
  9. 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;
  10. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;
  11. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;
  12. Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;
  13. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
  14. Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіле тігіліп тапсырылуы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

Комитетінің Оңтүстік Қазақстан

облысы бойынша басқармасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.