You are here

Мемлекеттік органдардың тексерулері бойынша өткен жиналыс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 13 қарашасы Астана қаласы. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Төрағаның орынбасары Абу-Али Саттардың төрағалығымен қадағалау және бақылау органдарының тексерулерін үйлестіру және есепке алу саласындағы және 2018 жылдан бастап пилотты түрде енгізілгелі жатқан Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілі (ТСОБТ - ЕРСОП) жүйесін енгізудегі проблемалық сұрақтары бойынша жұмысшы тобының кезекті жиналысы өтті.

Мәжіліс қортындысы бойынша қолданыстағы Кәсіпкерлік кодексі мен Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамының өзгеруі туралы хабарларды тіркеу және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну Қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

Әсіресе салықтық және бұрын енгізілген ұйғарымдардың орындалысын қадағалау бойынша тексерулерді тағайындау мен созу сұрақтарына аса назар аударылды.

Көптеген проблемалық сұрақтар күнделікті жұмыс барысында кездесетіндіктен, жиынтықталып Кәсіпкерлік кодексінің жаңа редакциясының жобасына енгізілді.

Сонымен қатар, мәжіліс қортындысы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТСОБТ жүйесін пилоттық апробациялауды Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар жөніндегі және Қоғамдық денсаулықты қорғау органдарында бастауды шешілді.

Бұл кәсіпкерлерге қолданыстағы Qamqor ұялы қосымшасын пайдалану арқылы қадағалау және бақылаудың мемлекеттік реттелуінің толыққанды қатысушысы болуын қамтамасыз етеди, яғни тексерушілермен тексеру барысында қойылатын талаптар алдын ала белгілі болады. Сонымен қатар, кәсіпкер ұялы қосымша арқылы оның бизнесіне қатысты жоспарланған тексерістердің тізімін көре алады.

Мәжіліс соңында Абу-Али Саттар Комитеттің аймақтық басқармаларына аталған бағыттағы жұмыстарды үдетуге және пилоттық апробациялауға дайындығы бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Комитеттің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

316758

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.