You are here

Мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті»  Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік әкімшілік бос лауазым орынына конкурс жариялайды:

Комитеттің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқарма басшысы, С-3 санаты бойынша.

Функционалды міндеттері:

Жалпы басшылықты жүргізу және Казақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (әрі қарай – Комитет) орталық аппаратында экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және есептілік, және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша басқарма жұмысына дербес жауапкершілік атқару, көрсетілген мәселелер бойынша аумақтық органдармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

- жоспарлы іс-шараларды, Комитеттің және Бас прокуратураның алқаларының, аппараттық және жедел жиналыстарының шешімдерін орындауды ұйымдастыру және жеке бақылау, бекітілген мерзімдерде Бас прокуратура және Комитет басшылығының тапсырмаларын сапалы орындауды және де жұмыскерлермен Комитет жұмысы Регламентінің талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

- Комитеттің орталық аппаратында және аумақтық органдарда бюджеттік қаражаттардың мақсатты, уақтылы және толық игерілуіне жеке жауапкешілік атқарады;

- қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және есептілік, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешуге бағытталған іс-шараларды орындау және олардың орындалуын бақылау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, заң, техникалық білімі, үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес. компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын білу, осы санаттағы нақты қызметтің тиісті мамандық саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы қызмет бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) өтініш және қызметкерлерді басқару қызметімен расталған қызметтік парақ.

Электронды пошта арқылы берілген құжаттар, олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын ұсынылуы қажет.

Құжаттар топтамасын толық немесе мерзімінде ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіз болады.

Құжаттар конкурс жүргізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуден Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ғимаратында өтеді, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі 34. Байланыс телефоны 8(7172)31-74-06, факс-8(7172)31-73-27, е-mail:7175190@kgp.kz.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.