You are here

Қылмыстық қудалау органдарының іздеу жұмыстарының жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарымен іздеуде 19 595 тұлға болды, оның ішінде 6 963 тұлға қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздеу салынғандар, 4 674 тұлға хабар-ошарсыз жоғалғандар, 7 958 тұлға атқарушы өндіріс бойынша борышкерлер/жауапкерлер.

Іздеудегі қылмыскерлердің жалпы санынан жартысы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандары үшін іздеу салынғандар.

Ең көп мөлшерде жеке меншікке қарсы (4110), халықтың денсаулығына және имандылығына қарсы (401), есірткі заттармен байланысты (404) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандарға іздеу салынды.

Ұсталуға байланысты 4 288 тұлғаға қатысты іздеу қысқартылды.

Хабар-ошарсыз жоғалуға байланысты іздеуге 4 674 тұлға (кәмелеттік жасқа толмғандар – 597, әйелдер – 1549) жарияланды, 2 876 тұлғаға іздеу қысқартылды, тағдыры белгісіз болып 1 554 хабар-ошарсыз жоғалғандар қалды.

Көші-қон полициясы органдарымен атқарушы өндіріс бойынша борышкерлер/жауапкерлер болып табылатын 7 958 тұлғаға іздеу салынды, оның ішінде 5 414 тұлға ұсталды.

Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органдарымен іздеу салынған тұлғалар туралы ақпаратты Бас прокуратураның «Ақпараттық сервис» бөліміндегі  http://service.pravstat.kz/portal мекен-жайы бойынша білуге болады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы

Комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.