You are here

Құқықтық статитистика және арнайы есепке алу органдары құрылуының 20-жылдығы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасының Құқықық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары құрылуының 20-жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараның өткізілгендігі туралы хабарлайды.

«Осы күндері Қазақстанның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары өздерінің 20-жылдығын тойлауда. Осы уақыт ішінде Қазақстанның құқықтық статистикалық қызметі кәсіби қоғамдастықта беделді болып, мемлекеттік басқару жүйесінде лайықты орын алды және бүгінгі күні елдегі заңдылық және құқықтық тәртіп туралы толық әрі объективті ақпараттың көзі болып отыр. Қазіргі уақытта құқықтық ақпарат және қадағалау – бұл өзара байланысты құрамдастар. Бірі бірінсіз жүрмейді. Қадағалау шегі жүйелік деректердің негізінде белгіленеді. Онсыз біз адасып қаламыз. ҚСАЕКте атқарылған жұмыстар, оған қоса енгізіліп жатқан талдаудың заманауи әдістері қадағалауды нүктелі және нәтижелі қылуға мүмкіндік береді. Жүйелі мәселелерді анықтап уақытылы шеше алатын боламыз» - деді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов.

 

«Бізге маңызы зор іс-шараға қатысқандарыңыз үшін, мен Сіздерге алғыс білдіремін және әріптестерімді құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары құрылуының 20-жылдығы мерейтойымен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде Комитет үлкен істер атқарды және ол жайында алдыңғы сөз сөйлеулерде айтылған болатын. Бүгінгі таңда Комитеттің жүйелері құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың жұмыс құралы болып отыр. Жақсы деректер базалары және түрлі платформалар бар, олардың негізінде біз одан әрі дамып, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыратын боламыз. Мен алдыңғы буын басшыларға жүргізілген жұмыс және ұсынылған ресурстар үшін алғыс білдіргім келеді» - деп сөз білдірді ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.

 

Бүгінгі күні Комитет үш негізгі міндетті белгіледі:

1. «құқық қорғау жүйесінің процестерін және мемлекеттік органдарды цифрландыру», яғни электрондық рәсімдерді енгізу, ол қағаз бастылықты жойып ғана қоймай, мәліметтердің бұрыстығын азайтады, сондай-ақ істерді тергеу жеделдігін арттырады және сәйкесінше сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетеді.

2. «ақпарат құндылығын арттыру» - бұл міндеті процестерді алгоритмдендіру, талдау жұмысын автоматтандыру, ішкі және сыртқы деректердің байланысы болып табылатын Талдау орталығын құру және сол арқылы криминогендік болжамдар беру.

3. «біз халыққа жақындап келеміз» - бұл Құқықтық қызметтер орталығын құру және «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасын жүзеге асыру, оның басты мақсаты азаматтардың мәселелерін шешу және олардың өтініштерін нәтижелі қарау.

 

 

БАҚ-қа қосымша:

+7-7172-317456

press@kgp.kz

Құқықтық статитистика және арнайы есепке алу органдары құрылуының  20-жылдығы - 591231355
Құқықтық статитистика және арнайы есепке алу органдары құрылуының  20-жылдығы - 379727290
Құқықтық статитистика және арнайы есепке алу органдары құрылуының  20-жылдығы - 1196153766

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.