You are here

Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 1701900811

Ағымдағы жылдың қазан айының 20-21 күндері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қызметкерлерінің арасында спорттың 7 түрі бойынша қорытынды жарыс өткізілді.

Іс-шара алдымыздағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні және Прокуратура органдарының құрылған күні мерекелерін тойлауға арналған.

Бұл іс-шарада қатысушылардың финалдағы керемет көңіл-күйі басты орын алды, Комитет сол үшін бірнеше ай аянбай еңбек етті.

Іріктеу жарыстары Астана қаласында, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткізілді, онда Комитеттің барлық аумақтық басқармаларының командалары қатысты. Осы күндері астанамызға ең мықты деген командалар мен қызметкерлер келді, осылайша мықтылардың мықтысы атағын иемденуге 100-ден астам қызметкер жинақталды.

Ақтық жарыстың ашылуы Комитеттің орталық аппаратының спорт алаңында өтті. Комитет төрағасы Бағдат Мусин алғы сөзден бастады.

 «Бүгін астанамызда рухы мықты және шыныққан қызметкерлер жиналды. Бұл іс-шара алғаш өткізіліп отыр, бірақ әлі де жалғасын табады деген үміттемін.Сіздер көп жылдардан бері әріптес болып келесіздер, ал бүгін тек күш сынасып қана қоймай жақынырақ танысып, араласуға, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік туып отыр», - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Бірінші болып гирь көтеру спорты бойынша ақтық жарыс өткізілді, Комитеттің орталық аппаратының басқарма бастығы – Ренат Зулхаиров жеңімпаз атанды.

Армрестлинг бойынша жарыста Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасының қызметкері – Ербол Мауиш жеңді.

Үстел теннисі бойынша жарыста Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасының қызметкері – Абдигалиевна Зульфина және Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қызметкері – Нургалиев Ернур жеңімпаз атанды.

Арқан тарту командалық спорт түрінде Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлері жеңімпаз атанды.

4х400 метр эстафетасында Комитеттің Қостанай облысы бойынша басқармасының командасы ең жақсы көрсеткіш көрсетті, ерлер арасында 3000 метрге жүгіруде және әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруде Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасының қызметкерлері Оразымбек Иляс пен Садакпаева Гульдария үздік атанды.

Волейбол бойынша бірінші орынға тартыс Комитеттің аумақтық басқармаларының 5 командасының арасында өтті.

Бұл спорт түрінде Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасы үздік атанды, екінші орында Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы және үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы иемденді.

Салауатты өмір салтын, қызметкерлердің және олардың балаларының физикалық және рухани шынығуын қалыптастыру және дәріптеу, сондай-ақ жұмыс тәжірибесімен алмасу – осы іс-шараның негізгі мақсаты. Осындай іс-шара әлі де жалғасын табады, өйткені Комитет жүйедегі корпоративті мәдениеттің дамуына қолайлы жағдай туғыза отырып, халықтың игілігі үшін еңбек етеді.

 

Комитеттің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

316758

Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 971921212
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 1651957478
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 2075582061
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 1597916898
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 596051316
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 674957530
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 1568077436
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 1606214093
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 402632141
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 1657481150
Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА  - 231877735

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.