You are here

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне келіп түскен адвокаттық сұраулардың статистикасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұдан 20 жыл бұрын құқықтық статистика объективті суреттен алшақ болған еді (қылмыстар жаппай жасырылды, қылмыстың жағдайы туралы статистика ведомсволардың мүддесінде «басқарылатын» болды), сол себепті оның жиналуы және қалыптасуы түбегейлі болып қайта құрылды. Яғни, ұзақ уақыт бойы болған құқықтық статистиканың ведомствалық жүйесін (қылмыстық және сот статистикасын) мүдделі мемлекеттік органдардан шығарылды және оны «жаңадан» құрылған Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығына (қазіргі кезде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті) берілді. ТМД елдерінің прокуратура құрылымында осыған ұқсас ведомство  жоқ.

Комитетпен жүргізілетін процестерді автоматтандыру және оңтайландыру құқық қорғау органдарының жұмысын жақсартуға ықпал етті. Қағаздық есептердің «бумасы» артта қалдырылды. Бюджеттік шығын қысқартылды.  

Енді барлық сотқа дейінгі тергеп-тексеру (қылмыстық іс) бойынша қозғалыс, қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер және кейбір қылмыстық, азаматтық және әкімшілік-құқықтық статистикамен байланысты деректер акпараттық жүйелерде және Комитеттің деректер базасында жинақталған. Бұл құқықтық статистиканы және арнайы есептің кейбір түрлерін қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік процесстің шеңберіне миллиондаған азаматтар түсетіндіктен, тиісінше көп бөлігі адвокаттың қызметтерін пайдаланады. Сондықтан, адвокаттар, өз қорғаушыларының мүдделерін білдіру үшін, Комитеттен және оның аумақтық органдарынан жиі қылмыстық істердің қоғалысы туралы, соттылықтың бар/жоқтығы туралы, қысқартылған қылмыстық істер бойынша мұрағаттық материалдарды және басқа да ақпараттарды жиі сұратады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап барлығы 600-ден астам адвокаттық сүраулар келіп түскен. Комитеттің Алматы қаласы және Қарағанды облысы бойынша ең көп сұраулар берілген, ал ең азы Маңғыстау облысында.

         

            

Комитетке келіп түскен сұраулардың 60% астамы (415),  сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қозғалысы  туралы ақпаратты сұратып алумен байланысты, олар деректер базасында бар. Ары қарай Комитеттің мұрағатынан қысқартылған қылмыстық істер материалдарының көшірмесін беру туралы, сонымен қатар, белгілі бір адамдар тобының соттылығының болуы немесе болмауы туралы сұраулар болып табыладыі. Барлық келіп түскен сұрауларға уақтылы  толық және дәлелді жауап ұсынылады.

         

 

Қазіргі кезде, сотқа дейінгі өндірістің кейбір мәліметтерін тез алу үшін және тұрғындармен құқық қорғау органдарының арасында ашықтықты арттыру үшін Комитетпен   "Бірыңғай тізілімнің сотқа дейінгі тергеудің жариялы секторы" қызмет көрсетілуі әзірленді, оған http://qamqor.gov.kz сайтында қол жетімді.

Яғни, адвокаттар және қылмыстық процесстің басқа да қатысушылары (жәбірленуші, күдікті) процессуалды құжаттармен танысуға,  өтініш беруге және олар бойынша жауап алуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, көзделген цифрландыру бағымымен жүрсек, Комитетпен қылмыстық істерді электронды түрде жүргізуді қамтамасыз ететін сервис әзірленуде. Оның енгізілуімен процесстің ашықтығы қамтамасыз етіледі, азаматтардың құқықтарының қорғалуы өседі, тергеп-тексерудің мерзімдері және қаржы шығындары қысқартылады, ал бұрмалау тәуекелдері азайтылатын болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.