You are here

ҚР БП Комитетіндегі бос лауазымдарға конкурс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жалпы байқау

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Байқаудың барлық қатысушыларына квалификациалық талаптар:

 

(C-GP-3) категориясы үшін:

-  жоғары білім, нақты лауазым бағыты қызметіне сәйкес келетін;

- құқыққорғау органдарында қызмет етуге денсаулығы бойынша жарамдылық;

-  нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімі, ептілігі және біліктілігі болуы;

-  прокуратура органдарында алты жылдан кем емес қызмет өтілі,  оның ішінде алты айдан кем емес басшылық лауазымда немесе бір жылдан кем емес келесі бірдеңгейлі немесе төменгі сатылы категорияға тең,   немесе сегіз жылдан кем емес құқыққорғау органдарында лауызымдарында қызмет өтілі, оның ішінде екі жылдан кем емес  басшылық лауазымда, немесе тоғыз жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілі, оның ішінде үш жылдан кем емес басшылық лауазымда, немесе осы категория бойынша нақты лауазым бағыты бойынша міндеттемелерге сәйкес сферада он жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымда, немесе төмен тұрған категория лауазымында бес жылдан кем емес;

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық айлығы:

Категория

Қызмет өтіліне қарай

min

max

C-GP-3

199 236

269 065

 

C-GP-4

165 282

222 939

C-GP-6

147 345

199 236

Басқарма бастығы – Аппарат жетекшісі (бос орын), категории (C-GP-3), 1 бірлік.

Қызметтік міндеттемелері:

1.1. Комитеттің ұйымдастыру-кадр басқармасын жалпы басқару (ары қарай– Басқарма) и Басқарма қызметін бақылау:

1.2. Қамтамасыз етеді:

Комитеттің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өзара қарым-қатынасын;

Комитеттің алқа отырысын, аппарттық және жедел жиналыстарын, Төрағаның және оның орынбасарларының қатысуымен өтетін басқа іс-шараларды дайындауды,;

Бас Прокурордың, Комитет Төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін, ұйғарымдарын, алқа шешімдерінің, аппараттық және жедел жиналыстар шешімдерін, Бас прокуратураның және Комитеттің жоспарлы іс-шараларды орындауды;

Комитет жобаларын жүзеге асыру бойынша қызметті үйлестіру (проектілік офис);

Комитеттің орталық аппаратының және оның аумақтық органдарындағы Комитет Төрағасының құзіретіне енетін кадрларды іріктеу және орналастыру жұмысын;

Еңбек тәртібі мен орындау тәртібін сақтау жұмысын бақылау және үйлестіруді;

Комитеттің және оның аумақтық органдарында іс-жүргізуді үйлестіру және бақылау;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен Комитеттің имидждік бағдарламасын жүзеге асыру және АӨЖ қарам-қатынасты;

мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің сақталу режимін.

1.3. Басқарма тапсырмаларынан шығатын басқа да қызметтерді орындайды:

- Комитеттің цифрландыру бойынша жобаларды әзірлеу мен іске асыру қатысады;

- Комитеттің цифрландыру және пилоттарын енгізу бойынша сұрақтарын мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі;

- Комитеттің жобалары мен пилоттарын презентациялауды ұйымдастырады;

- Комитеттің жобалық қызметіне (жобалық кеңсе) бақылау жүргізеді жұмысын үйлестіреді;

- телекоммуникация, ақпараттандыру технологиялары саласындағы жұмысты жүргізеді;

- РМА стандарты бойынша жобалық менеджментті енгізеді;

- жобалық менеджмент бойынша талдаулық жұмыстарды енгізеді, ақпаратты жүйелендіреді және оның проблемалары мен себеп-салдарын анықтайды;

- HR бойынша жұмысты жүргізеді;

- Басқарма жұмысы бойынша жедел жиналыс өткізеді;

- Комитет Төрағасына Комитеттің орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының қызметкерлерін мадақтау немесе тәртіптік жазаға тарту бойынша ұсыныс жасайды, оларды аттестациядан өткізу және сыныптық шен беру үшін құжаттарды ұсынады;

- Келіп түскен хаттарды Басқарма бөлімдеріне таратады;

- Комитеттің аумақтық органдарында және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінде инспекторлық және кешенді тексерістерді ұйымдастырады және қатысады;

- Басқармаға қойылған тапсырмалар мен міндеттердің орындалуын бақылайды, қамтамасыз етеді және жеке жауап береді;

- Комитет алқасының мүшесі болып табылады, және Комитетте құрылған төменгі әрқашан қызмет ететін  комиссия мүшесі: аттестациялық; тәртіптік; зейнеткерлікке шығу үшін еңбек өтілін белгілеу және қызмет ету мерзімін ұзарту сұрақтарын шешу бойынша; әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарын қарастыру және еңбек өтілін белгілеу бойынша;

тұрғын үй сұрақтарын қарастыру бойынша; бос әкімшілік лауазымға байқау өткізу бойынша; басқарма басқаруымен байланысты, оның ішінде басқарма тапсырмалары мен міндеттерін дұрыс орындалуы үшін жауапты.

 

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

Іскерлік қасиеттері:

-          Көшбасшылық қабілет;

-          Стратегиялық ойлау және басқару;

-          Топ құрып қарым қатынас-жасай білу;

-          Өзін көрсете білу және сөйлесе білу;

-          Өзгерістерді басқару;

-          Шыншыл болу.

 

Арнайы талаптар:

-          Техникалық және технологиялық дағдылар;

-          Ақпараттық технологиялар, қәуіпсіздік, коррпоративтік басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі;

-          Жобалық басқару аясындағы біліктілігі;  

-          Талдау жұмысы дағдылары, ақпаратты жүйелендіре білу, мәселелер мен оның себептерін таба білу;

-          «IPMA» (А,B,C,D дәрежелері) жобасын басқару бойынша сертификаттың болуы.

 

 (C-GP-4) категориясы үшін:

-  жоғары білім, нақты лауазым бағыты қызметіне сәйкес келетін;

- құқыққорғау органдарында қызмет етуге денсаулығы бойынша жарамдылық;

- нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімі, ептілігі және біліктілігі болуы;

- прокуратура органдарында бес жылдан кем емес қызмет өтілі, немесе жеті жылдан кем емес құқыққорғау органдарында лауызымдарында қызмет өтілі, немесе төмен тұрған категория лауазымында бір жылдан кем емес, немесе сегіз жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілі, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымда, немесе осы категория бойынша нақты лауазым бағыты бойынша міндеттемелерге сәйкес сферада тоғыз жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде үш жылдан кем емес басшылық лауазымда;

 

Комитеттің сараптау бөлімінің бастығы (сараптау орталығы), (C- GP-4) категориясы, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттемелері:

- бөлім жұмысын ұйымдастырады, басқарады және бөлімге қойылған тапсырмалардың орындалуын бақылайды, қамтамасыз етеді және жеке жауап береді;

- өз өкілеттілігіне сәйкес келесілерді жүзеге асырады:

- Келіп түскен тапсырмаларды бақылау және орындау үшін, бөлім қызметкерлері арасында бөліп таратады;

Бөлім қызметкерлерімен еңбек және орындау тәртібін сақтауды бақылайды;

- ҚР Үкіметінің және ҚР Президент Әкімшілігінің;  Бас прокуратураның, Комитет басшылығының тапсырмалары мен тапсырылған істердің, жоспарланған іс-шаралардың қызметкерлермен уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды;

- өз өкілеттілігіне қатысты сұрақтар бойынша, Комитет басшылығының тапсырмалары мен тапсырылған істердің, Комитеттің аумақтық органдарымен орындалуын бақылайды және үйлестіреді;

- ҚР Бас Прокурорының, Комитет Төрағасының және Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларының баяндамаларының бөлімін дайындайды;

- Бөлім құзырына қатысты әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар әзірлейді;

- ҚПҮ грифынан басқа, бөліммен дайындалған ақпараттық-сараптамалық құжаттарды Комитеттің жұмыс блогына, сайтына орналастыруды бақылайды;

- Қызметтік құжаттардың қозғалысы мен сақталуын, уақытылы номенклатуралық іске қалыптастырылып, архивке тапсырылуын бақылайды;

- Бланкты құжаттардың дұрыс және үнемді жұмсалуын бақылайды;

- өз өкілеттілігі шегінде қамтамасыз етеді:

- ҚР Президент Әкімшілігін, ҚР Қауіпсіздік Кеңесін, ҚР Үкіметін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерін, және басқа мүдделі органдарды белгіленген тәртіпте және мерзімде Комитеттің ақпараттық-сараптама құжаттарымен;

- ҚР Бас прокуратурасының және Комитеттің алқа отырысы, жедел және аппараттық жиналыстарының

шешімдеріне, жұмыс жоспарларына негізделген дәлелдемелі ұсыныстар дайындайды;

- құрылымның жетілдірілуі, бөлімнің шаттық санын өзгерту және орналастыру бойынша,бөлім қызметкерлерін мадақтау мен жазалау бойынша ұсыныс енгізеді;

- бөлім жұмысы бойынша жедел жиналыс өткізеді;

- Комитет басшылығы атына, Бас прокуратураның,  Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне т.б. органдарға, қызметтік құжаттарды дайындайды;

- өз өкілеттілігі аясында қатысады:

- Комиссия, жұмыс тобы қызметіне;

- аумақтық басқармалар қызметкерлеріне методикалық және тәжірибелік көмек көрсетеді, олардың қызметкерлерін тағлымдамадан өткізеді;  

- өз өкілеттілігі аясында қызметтік құжаттарға қол қояды;

- болжау үшін талдаулық жүйені әзірлейді;

- бизнес-процестердің белсенділігін арттырумен айналысады;

- мәтіннің интеллектуалды талдауын жүзеге асырады;

- мәліметтің логикалық және физикалық архитектураларын әзірлейді;

- мемлекеттік құрылымдарға ақпараттық талдаулық жүйесін енгізу бойынша жұмысты атқарады;

- opensource-қорынан (stat.gov.kz, data.egov.kz) мәлімет витринасын жинақтау және қорландырумен айналысады;

- Қазақстан Республикасының макро-экономиалық көрсеткіштерін божау үшін математикалық  модельдеуді іске асырады;

- талдау орталығымен әзірленген жүйелердің жұмысының дұрыстығын бақылайды;

- PMA стандарты бойынша жобалық менеджментін енгізумен айналысады;

- берілген өзекті сөз бойынша әлеуметтік жүйелерде сараптама жүргізеді;

- халықтың әлеуметтік жүйеге  қатысу деңгейін болжайды және сараптама жүргізеді;

- Data Miningпен жұмыс істейді;

- қауіптерді бағалау және болжаудың математикалық моделімен жұмыс істейді;

- Тext mining пен жұмыс істейді;

- үлкен (Big Data) мәліметпен жұмыс істейді;

- дифференциалды талдауды құрастырады;

- баған теориясымен жұмыс істейді;

- криптографиямен шифрлау және сандар теориясын жүзеге асырады;

- уақытша талдауды қалыптастырады;

- нейронды желімен жұмыс істейді;

- регрессиалық талдау моделін құрастырумен айналысады;

- көпөлшемді статистикалық талдаумен жұмыс жасайды;

- мәлімет базаларымен (SQL) жұмыс жасайды;

- «рython» бағдарламалау тілімен жұмыс жасайды;

- жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуына жеке жауап береді.

 

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

- білімі – Қолданбалы математика саласында жоғары;

- мәліметті базаларды интеграциялау тәжірибесі;

- мәліметтерді нормалау және қорландыру біліміне ие болуы;

- алаяқтық қауіпін жоюды білу;

- дискреттік математиканы енгізу;

- оңтайландыру моделін қолдану;


- статистикалық қолданбалы бағдарлама пакетімен жұмыс және күйге келтіру;

- эконометрика, микроэкономика және макроэкономиканы пайдалану;

- ойын теориясы және формуласы және операцияларды зерттеу;

 

 (C-GP-6) категориясы үшін:

-  жоғары білім, нақты лауазым бағыты қызметіне сәйкес келетін;

- құқыққорғау органдарында қызмет етуге денсаулығы бойынша жарамдылық;

- нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімі, ептілігі және біліктілігі болуы;

- прокуратура органдарында немесе құқыққорғау органдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілі, немесе бес жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілі, немесе осы категория бойынша нақты лауазым бағыты бойынша міндеттемелерге сәйкес сферада жеті жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде үш жылдан кем емес басшылық лауазымда;

Комитеттің сараптау бөлімінің прокуроры (сараптау орталығы), (C- GP-6) категориясы, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттемелері:

- бөлім бастығымен берілген, Бас прокуратураның, Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау

- Бас прокуратураның, Комитет басшылығының атына ақпарат, қысқа анықтама, қызметтік хат дайындау;

- Комитеттің ақпараттық мүмкіндіктерін презентациялау;

- Қызметтік құжаттардың қозғалысы мен сақталуын, уақытылы номенклатуралық іске қалыптастырылуына, тапсырылуына жеке жауапты;

- талдау орталығымен әзірленген жүйелердің жұмысының дұрыстығын бақылау;

- PMA стандарты бойынша жобалық менеджментін енгізу;

- берілген өзекті сөз бойынша әлеуметтік жүйелерді сараптамалау;

- халықтың әлеуметтік жүйеге қатысу деңгейін болжап сараптамалау;

- Data Mining жұмыс;

- қауіптерді бағалау және болжаудың математикалық моделімен жұмыс;

- Тext mining пен жұмыс;

- үлкен мәліметпен жұмыс (Big Data);

- opensource-қорынан (stat.gov.kz, data.egov.kz) мәлімет витринасын жинақтау және қорландырумен айналысу;

- мемлекеттік құрылымдарға ақпараттық талдаулық жүйесін енгізу бойынша жұмыс;

- мәліметтердің логикалық және физикалық архитектурасын жетілдіру;

- мәліметтерді нормалау және қорландыру;

- Қазақстан Республикасының макро-экономиалық көрсеткіштерін божау үшін математикалық  модельдеу;

- дифференциалды талдау жасау;

- баған теориясымен жұмыс;

- криптографиямен шифрлау және сандар теориясы;

- уақытша талдауды қалыптастыру;

- регрессиалық талдау моделін құру;

- көпөлшемді статистикалық талдаумен жұмыс;

- дискреттік математиканы енгізу;

- оңтайландыру моделін қолдану;


- статистикалық қолданбалы бағдарлама пакетімен жұмыс және күйге келтіру;

- нейронды желімен жұмыс;

- эконометрика, микроэкономика және макроэкономиканы пайдалану;

- ойын теориясы және формуласы және операцияларды зерттеу;

- мәлімет базаларымен жұмыс (SQL);

- «рython» бағдарламалау тілімен жұмыс;

-  басқарма және бөлім тапсырмаларынан туындайтын басқа да міндеттерді орындайды;

-  жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуына жеке жауап береді.

 

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

- білімі –Қолданбалы математика саласында жоғары;

- мәліметті базаларды интеграциялау тәжірибесі;

- болжаудың талдаулық жүйесін әзірлеу;

- бизнес-процестерін оңтайландыру;

- мәтінді зияткерлі сараптау;

- алаяқтық қауіпін жою;

- жобаларды басқару курсынан өтуі құпталады.

 

Комитеттің жоба бөлімінің прокуроры (жоба кеңсесі), (C- GP-6) категориясы, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттемелері:

- бөлім бастығымен берілген, Бас прокуратураның, Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау

- Бас прокуратураның, Комитет басшылығының атына ақпарат, қысқа анықтама, қызметтік хат дайындау;

- Комитеттің ақпараттық мүмкіндіктерін презентациялау;

- Қызметтік құжаттардың қозғалысы мен сақталуын, уақытылы номенклатуралық іске қалыптастырылуына, тапсырылуына жеке жауапты;

- инженер-программисттер, тест-инженерлерді басқарады: топқа талаптар қояды, қойылған талаптарды уақытылы орындауға мерзім қояды, жиналыстарды ұйымдастырады;

- жоба концепцияларын, олардың мақсаты мен негізгі кезеңдерін әзірлейді және жоба жетекшілері мен кураторларымен келістіреді;

- жобаны іске асырудағы бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйені құру үшін жедел және стратегиялық жоспарлауды әзірлейді;

- бағдарламалық дайын өнімдер мен ақпараттық жүйелерді пайдаланудың мүмкіндігін анықтайды;

- жобалар бойынша құжаттарды жүргізеді;

- жобалар бойынша ақшалай қаражаттардың ақшалай қаражаттар қозғалысы бюджеттеріне сәйкес жұмсалуын басқаруға қатысады;

- жобалардың жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

- жобалардың таныстырылымдарын әзірлеп, таныстыруды жүргізеді;

- жобаларға өзгертулерді дайындап, енгізеді;

- жобаларды бөлінген бюджет аясында және талап етілетін сапа деңгейінде келісілген мерзімде орындайды;

- жобалық топ қатысушыларының жұмысын үйлестіреді;

- жобалар бойынша жұмыстардың орындалу сапасын бақылайды;

- жобалардың жоспар-графиктері мен бюджетіне түзетулер енгізіп, өзгерістерді жоба кураторларымен келісімдейді;

- жобалардың орындалу барысы туралы жиналыстардың өтуіне бастамашы болып, оларды жоспарлайды;

- жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қалыптастырып, оларды жоба жетекшісімен келісімдейді және аралық және қорытынды есептерді жоба кураторларына ұсынады;

- бағдарламалық қамтамасыз ету түрлерімен жұмыс істейді;

- техникалық құжаттарын рәсімдейді;

- жиналыстарды модельдейді;

- ерекше көрсетілген барлық тапсырмаларға бақылауды жүзеге асырады;

- тәуекелдерге талдау жасау;

- жоба құрылымы жоспарын құру;

- жоба жарғысын қалыптастыру;

- жоба қиындықтарын басқару;

- жұмыстар графигін жасақтау;

- ішкі және сыртқы қатысушылармен және жоғарғы басшылық органдарымен келіссөздер жүргізу;

- SMART бойынша мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;

- жобаны «agile» әдіснамалары бойынша басқару;

- жобалық контроллингті жүзеге асыру;

- жобалық құжаттарды, есептерді жасақтау;

- жоспарлау, құжаттандыру,  контроллинг, тәуекелдерді, сапаны, жасақтамаларды басқару құралдарын пайдалану;

-  басқарма және бөлім тапсырмаларынан туындайтын басқа да міндеттерді орындайды;

-  жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуына жеке жауап береді.

 

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:

- жобаларды басқару әдістерін білу;

- клиенттермен қарым-қатынас орнату психологиясын білу;

- ЭЕМ техникалық-пайдаланушылық сипаттамаларын, құрастырылу ерекшеліктерін, арналымы мен жұмыс режимдерін, оларды техникалық пайдалану ережелерін білу;

- жұмыскерлерді басқару;

- ақпаратты басқару;

- жасақталатын өнімнің сапасын басқару;

- жоба шығындарын, мерзімдерін басқару;

- жергілікті есептеуіш желі мен бағдарламалық код орнату принциптерін түсіну;

- еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу;

- жоба жұмыстарын жоспарлау;

- жобаның лайықты командасын іріктеу;

- қызметкерлерді жоба бойынша дұрыс бөлу;

- жоба мақсаты мен міндеттерін айқындау;

-дау-дамайларды шеше білу;

- жоба шығындарын есептеп отыру.

 

 Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сауалнама;

      3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы кадр есебі жөніндегі толтырылған іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары көрсетіледі);

      4) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған толық өмірбаяны, өз қолымен жазылады және басып шығарылады, жақын туыстары, соның ішінде бұрынғы жұбайлары да көрсетіледі;

      5) Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын куәландыратын құжатының нотариалды түрде расталған көшірмелері;

       6) білімі туралы құжаттарының нотариалды түрде расталған көшірмелері;

       7) еңбек жолы, қызметін куәландыратын құжаттың нотариалды түрде расталған көшірмелері;

       8) әскери билеттің немесе әскерге шақырту учаскесіне тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмелері;

      9) 3х4 фотосуреттері (3 дана);

      10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес азаматтың және оның ерінің (әйелінің) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына кірістер және мүлік туралы декларацияны ұсынғанын растайтын құжаттар;

      11) қолданыстағы заңнама нормалары бойынша білімін тексеру жөніндегі компьютерлік тестілеудің құжат ұсынылған кезде жарамды болып саналатын, шекті мәндерден төмен емес нәтижелері;

      12) прокуратура органдарында қызмет атқаруға денсаулығының жарамдылығын анықтау үшін  медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өту, әскери-дәрігерлік комиссиядан өту және міндетті арнайы тексеріс нәтижелері;

      13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны, соттылықтың жоқтығы туралы анықтамалары;

       14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

      Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен іскерлік беделіне қатысты басқа қосымша ақпарат (біліктілікті арттырғаны туралы, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақтың берілгені туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынба хаттар, ғылыми жарияланымдар)ұсына алады.

 

Конкурсқа жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін кез-келген адам қатыса алады.

Бұл үшін 7157275@kgp.kz мекенжайына 2017 жылдың 9 қазанына дейін өтініш жолдауыңыз қажет. Өтініш үлгі бойынша толтырылады. Сондай-ақ түйіндеме немесе қызмет өткеру тізімін және міндетті түрде кері байланыс үшін қажетті координаттарды қоса жолдаңыз.

Электронды поштамен жолданатын құжаттар, олардың түпнұсқалары сұхбаттасу басталардан кем дегенде екі сағат бұрын ұсынылуы тиіс.

Құжаттар конкурс өтетіні туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Сұхбаттасудан үміткерлер Астана қаласы, Москва көшесі, 34-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің  ғимаратында өтеді.

 

Барлық сұрақтар бойынша Комитет басқармасының қызметкерлермен жұмыс (кадрлық қызмет) жөніндегі бөлімнің аға прокуроры Сабитова Зульфияға +7-775-933-37-72 нөміріне хабарласуыңызды өтінеміз.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.