You are here

ҚР Бас прокуратурасы және ҚР ІІМ "Электрондық хаттама" жобасын көрсетті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мақсаты әкімшілік іс жүргізуді электрондық форматқа ауыстыру болып табылатын электрондық хаттамаларды құру жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

 

Жасалған жол жүру ережесі бұзушылығының хаттамасын рәсімдеу үшін адамның ЖСН-н енгізсе жеткілікті, қалғанын жүйе өзі шығарады.

 

«Жыл сайын елімізде шамамен 4 миллиондай әкімшілік іс қозғалды. Олар бойынша 64 мемлекеттік орган хаттама жасайды. Соттардан бөлек осы істерді 50 уәкілетті орган қарайды, яғни осы салаға барлық мемлекетік аппараттардың және еліміздің әрбір төртінші азаматының қатысы бар. 2016 жылы жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден астам болатын 3 миллион айыппұл салынған, ал бұл барлық әкімшілік істердің 75%-ы. Демек, бұның үлкен үлесі ішкі істер органдарына тиесілі. Елбасы кейінгі Жолдауында цифрлық технологияны дамытуды тапсырды. Сондықтан, бүгінгі күні біз ҚР ІІМ-мен бірлесе отырып, хаттамаларды электронды рәсімдеу жобасын іске қостық. Бірінші кезеңде жол жүру ережелерінің бұзушылықтарын ғана аламыз.» - деді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

 

Электрондық хаттама айыппұлдарды тезі әрі ыңғайлы рәсімдеуге мүмкіндік береді, ол азаматтың және полиция қызметкерінің уақытын үнемдейді, сондай-ақ полиция қызметкерлерін қағазбастылықтан шектейді. Деректер қорларымен тікелей байланыс жасау құқық бұзушы, сондай-ақ көлік құралы туралы барлық қажеті ақпаратты алуға, құқық бұзушылықты жасаудың қайталануын ескере отырып, оның дұрыс саралануына мүмкіндік береді.

 

Азаматтар үшін жобаның тиімділігі:

Ø  Айыппұлды рәсімдеу кезінде уақытты үнемдеу (3-5 минут).

Ø  Айыппұлды төлегеннен кейін қосымша растау қажет етілмейді. Рейстен алып қалмайтындығына немесе басқа да санкциялармен мазаламайтындығына сенімді болуға болады.

Ø  Істі қозғағаннан бері айппұлды төлегенге дейінгі барлық мәртебелер туралы хабарлама алу.

Ø  Рәсімдеу айқындылығы, тіркеуді болдырмау және процестік құқықтардың сақталуы.

 

Мемлекет үшін жобаның тиімділігі:

Ø  Қағаз жұмысынан арылу.

Ø  Істі қозғау және қарау кезінде сыбайлас жемқорлықты және манипуляцияны болдырмау.

Ø  Жазасыз қалдырмау, нөлдік төзімділік принципін жүзеге асыру. Жаза салу және оны орындау мерзімдерін сақтау. Істі жоғалту мүмкіндігінің болмауы.

Ø  Айыппұлдарды өндірудің 80%-ға артуы.

Ø  Полиция қызметкерлері қарыздарды көре отыра, білмейтіндерге естеріне салып, төлемегендерді жазалайды.

 

«Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» - жоғары қауіпсіздік деңгейде қағаз нұсқаны толығымен алмастыратын, цифлы ақпарат – әкімшілік істердің материалдарын сақтауға арналған ақпараттық жүйе. Бұл ретте осы жүйеде әкімшілік іс жүргізуді қозғаған сәттен бастап, соның ішінде фото, аудиожазбалар, бейнесуреттер, сондай-ақ өзге де файлдар және бағдарламалық өнімдерді қоса алғанда алынған дәлелдемелер туралы барлық мәліметтерді қосуға мүмкіндік беретін үкімнің барлық шектеулерін ала отырып,  салынған әкімшілік жазаны орындаған, әкімшілік айыппұлды төлеген сәтке дейінгі әрекеттердің алгоритімін қамтитын әкімшілік істі қалыптастыру қызметі бар.

 

 

 

 

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

+7-7172-317456

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.