You are here

Қостанай облысы бойынша бос лауазымға конкурс жарияланады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қостанай облысы бойынша Басқармасы (Қостанай қ., Темірбаев көшесі 13, тел: 8-7142-53-63-99) келесі  3 бос қызмет орны бойынша сайыс жариялайды:

1) Мендіқара, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры – 1 бірлік;

2) Қарабалық, Федоров аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры – 1 бірлік;

3) Лисаковск қаласы, Таран ауданы бойынша негізгі қызметкердің 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры– 1 бірлік (уақытша бос орын).

Қызметтік міндеттері: құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттерінен басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқаратын қызметтерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: атқаратын міндеттерге сәйкес, нақты лауазымға бағытталған жоғарғы кәсіби білімі; құқық қорғау органдары қызметіне өтуіне денсаулық жағдайы жағынан жарамдығы; нақты қызмет бойынша атқаратын міндеттерді орындау үшін міндетті білімі, ғылыми шеберлігі бар болуы қажет.

Еңбек жалақысы 87 125 теңгеден 117 862 теңгеге дейін.

Сайысқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1)  Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының  04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы Ережесінің (әрі қарай - Ереже) 2 қосымшасына сәйкес нысанды өтініш;

2) көрсетілген Ереженің 2 қосымшасына сәйкес сұрақтама;

3) Ережедегі 4 қосымшаға сәйкес,  кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефоны, оның ішінде байланыс телефоны);  

4) Ереженің 5 қосымшасындағы нысанға сәйкес, бұрынғы жұбайларымен қоса жақын туыстарын көрсете отырып бастырылған түрде, өз қолымен толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматы ретінде куәландыратын нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;

6) білімі туралы нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі;

7) нотариалды куаландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билет немесе әскерге шақырылғандар қатырына бар екендігі туралы куәлік көшірмесі;

9) 3х4 өлшемді фотосурет (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен – жайындағы салық органынан азаматты және оның жұбайының кірістері және мүліктері туралы декларация ұсынылғаны жөніндегі құжаттары;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырар алдында маңызы бар, қолданыстағы заңнамалар қағидаларын білу бойынша компьютерлік тестілеудің нәтижесі;

Ереженің 6 қосымшасына сәйкес тестілеу Бағдарламасында көрсетілген Нормативтік құқықтық актілер сұрағы бойынша жалпы саны 70% дұрыс жауабын құрайды.

12) міндетті арнайы тексеру және прокуратура органдары қызметіне жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссия, медициналық және психофизиологиялық, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеудің өткендігі жөніндегі қорытындысы;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан соттылығы жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және іскери абыройына байланысты  (ғылыми (академиялық) дәрежелерді иемдену және шен, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар біліктілікті жоғарылату туралы) толығырақ мәліметтер ұсыныла алады.

Конкурс өтетіндігі туралы аталған хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, папкаға салынған құжаттар, ұсынылған құжаттар тізімін көрсете отырып қолма қол немесе почта арқылы Қостанай қаласы, Темірбаева көшесі 13, мекен – жайына ұсынылады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.