You are here

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы басшылығының облыс аймағындағы активтермен кездесуі және азаматтарды жеке қабылдауы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«ҚСжАЕК – әрбір үйге» жобасы аясында Комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау, активтермен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізілген барлық облыс аймақтарына (барлығы 14 қалалар мен аудандар) шығу аяқталды.

Слайдтар мен бейнероликтер қолданыла отырып, азаматтарға түсінікті түрде Комитеттің ақпараттық сервисін пайдаланудың мүмкіндіктері мен тәртібі түсіндірілді.

Қарапайым адамға  Комитеттің ақпараттың сервисіндегі ақпараттар оның жас ерекшелігі мен қызмет түрінен тәуелсіз негізде не үшін керектігіне түсініктеме берілді.

Облыста барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар белгіленетін «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» қызмет жасайтындығы жеке айтылып өтті. Бұл жұршылықтың ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

«Айқын», «ТСОБТ», «Өз айыппұлдарыңды біл», «Апаттылық картасы» және басқа да  Service.pravstat.kz. жүйелері үздіксіз жұмыс жасауда.

Қалалар мен аудандарға шығу барысында 46 азамат Басқарма басшылығының жеке қабылдауында болды.

Азаматтардың көпшілігін соттылықты өтеу, Комитет сайты арқылы тексерулер мен әкімшілік айыппұлдар туралы ақпараттар алу тәртібі жөніндегі мәселелер толғандырған.

Жеке қабылдауда болған әрбір азамат өз сұрақтарына толық түрде жауап алды.

Жалпы, мұндай жол жүру шаралары жұртшылықтың үлкен қызығушылықтарын тудырды,  жұртышылық пен мемлекеттік органдар жағынан  жағымды лебіздер білдірілді.

Аймақтардың әкімдері пайдалы құқықтық ақпарат бергендігі үшін Басқарма басшылығына алғыстарын жеткізді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.