You are here

Комитеттің 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткізілген мәжіліс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 17-18 қаңтарында Комитет Төрағасының орынбасарлары С.Нұрлыбай, Е.Мабиев және Б.Тазабеков өздері жетекшілік ететін қызметінің бағыттары бойынша  Комитеттің барлық аумақтық басқармаларының  бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен жедел жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында төрағалық етушілер 2016 жылғы жұмыстың қорытындысын және алдағы кезеңдегі  жаңа міндеттерді  айқындады.

Ерғали Мабиев жергілікті полиция қызметтерінің бағыттамаларды орнықтыруда «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» қолдануды, сондай-ақ, «Комитет – әрбір үйге», «Жариялық сектор» жобаларын жүзеге асыруды арттыру және өзге де мәселелер бойынша тапсырмалар берді. «Заңдылық» жүйесімен жұмыс жасауда аумақтық судьялар мен мемлекеттік айыптаушыларға көмек көрсету қажеттілігі атап көрсетілді.

Б. Тазабеков өткізілген жиналыстың қорытындылары бойынша азаматтардың өтініштерін қарау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жөніндегі және ақпараттық саясаттың қозғалысы саласындағы жұмысты нығайту мәселелері жөніндегі Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша бағыт-бағдар берді.

С.Нұрлыбай Комитеттің деректер қорларынан алынатын мәліметтердің нақтылығын, құжаттардың сапалылығын қамтамасыз ету және қадағалау қызметінің әдістерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті. Соттылықтың жойылуын ескере отырып анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына өтуіне, азаматтардың арыздарын қарау, ТСОБТ, Тексерулер картасы, е-Айыппұлдар жүйелерін енгізуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.   

Ұйымдастыру-кадр жұмысы, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жеке қаралды. Комитет басқармасының бастығы  Жанар Батпенова өткен жылы атқарылған жұмыстар мен саладағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы айтып өтті.

Басшылар алдағы уақытта Комитет жұмысы өзгеретіндігін, сондықтанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының барлық  қызметкерлері тарапынан жеделділік пен бастамашылдық таныту қажет болатынын атап көрсетті.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы

Комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.