You are here

Комитет Төрағасы Алматы қаласында қызметтік жиналыс өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Комитет Төрағасы Алматы қаласында қызметтік жиналыс өткізді - 900839906

2017 жылдың 29 қарашасы Алматы қаласы. Бүгін Комитет төрағасы Бағдат Мусин оңтүстік астанада іссапармен қызметтік кездесу өткізді.

Бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Қызметтік кездесу барысында әкімшілік өндірістерді жүргізудің (ӘӨБТ) электрондық форматын енгізу бойынша Комитет жобаларын одан әрі жүзеге асыруға байланысты бірқатар мәселелер қаралды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ҚСжАЕК Астана қаласында, кейіннен еліміздің басқа да қалаларында пилотты іске қосты. Бүгінгі күні 300-ден астам полиция экипажы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды планшеттерде толтырады. Ал а.ж. 3 қарашасынан бастап бұл жоба оңтүстік астанада іске қосылды.

Бүгін Алматы қаласының Ішкі істер департаменті жол-патрульдік полициясының жұмысымен таныстырды. Қала әкімдігі жергілікті полиция қызметіне планшеттер орнатылған 147 автокөлікті сатып алды. Қала ЖПП 700-ге жуық электрондық хаттаманы толтырды және алматылық полиция қызметкерлерінің айтуынша бұндай тәжірибе оларды қуантып қана қоймай, жұмысты едәуір жеңілдетті.

Комитет Төрағасы Бағдат Мусин тағы да бір жобаны енгізуді ұсынды. Бұл жоба жүргізушілерге өзімен бірге барлық құжаттарды алып жүрмей, тек қана жеке күәлігін ұсынуға мүмкіндік береді. Полиция инспекторлары ЖСН және көлік номерін қолдана отыра барлық мәліметтерді қарай алады.

Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек Комитетпен жүзеге асырылып жатқан жобаларды қолдай отыра, әкімдіктің уәкілетті органына келесі жылдың басында тағы да 500 полиция экипаждарын планшетпен қамтасыз ету туралы тиісті тапсырма берді.

Комитеттің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

316758

 

Комитет Төрағасы Алматы қаласында қызметтік жиналыс өткізді - 621342564
Комитет Төрағасы Алматы қаласында қызметтік жиналыс өткізді - 144097389
Комитет Төрағасы Алматы қаласында қызметтік жиналыс өткізді - 932410960

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.