You are here

Қазақстандықтар мемлекет пайдасына 41 млрд. теңгені өтеген

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 2,9 млн. тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған.

Сонымен қатар, 940 мыңға жуық құқықбұзушылар  өзге де жаза түрлеріне тартылған болса, 803 403 – ескерту, 75 197 – әкімшілік қамаққа алынып, 52 662 – жүргізуші куәлігінен айрылған.

Жасаған әрекеттері үшін құқықбұзушылар салынған айыппұлдардың 64,2 пайызын, яғни 41,3 млрд. теңгені мемлекет пайдасына өтеген. Одан басқа, өткен жылы құқықбұзушылылардан үшін мемлекеттік бюджетке 8,7 млрд. айыппұл өндірілген.

Әкімшілік өндірістің қысқартылған тәртібі бойынша  50 пайыз жеңілдікпен алғашқы 7 тәулік ішінде төленетін әкімшілік айыппұлдар құқықбұзушылардың 8,6 млрд. теңгесін үнемдеді.

Құқыққорғау органдарымен құқықбұзушылықтардың «нөлдік төзімділік» принциптік жай- күйін айқындайтын 1,8 млн. ұсақ құқықбұзушылықтар тіркелді.

Олардың ішінде белгіленген  жылдамдықты асырғаны үшін – 247 096 жүргізуші, мас халде көлік құралын басқарғаны үшін – 35 417, қоғамдық орындарда мас күйінде ұсталған – 193 113, жекелеген қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін – 120 957 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Статистикалық деректерді талдау  көрсеткендей 2016  жылы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің (әрі қарай – Кодекс) 434 бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік жауапкершілікке -65 201 тұлға тартылды, оның 5 609- әйелдер.

Кодекстің аталған бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың негізгі бөлігін 30 дан 40-18  339, 20 дан 30 - 17 647, 40 тан 50-ге -14 432 және 11 446 - 50 жастан асқан азаматтар құрайды. 20 жасқа дейінгі жастар бұл құқықбұзушылықты сирек жасайды, яғни- 3 337 бөлігі.

Шемішке қабығын, темекі тұтқылын т.д.б қоқыстарды жаяужолға тастау деген сиякты қоршаған ортаны ластаумен байланысты құқықбұзушылықтар   ұсақ бұзақылық болып есептелетінін ескерте кету қажет.

Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті сайтының «Ақпараттық сервис» бөлімінде әкімшілік айыппұлдардың төленген төленбегендігі жөніндегі ақпаратты оңай әрі тез алуға, және де төлемді осы жерде отырып-ақ,  жүзеге асыруға болады.

Ол үшін http://service.pravstat.kz сілтемесі арқылы «Өз айыппұлыңды біл» тарауына басып, өз ЖСН және құжат нөмірін дұрыс теру қажет.

Қарыздарды дер кезінде төлеу, шекара өту, лицензия мен рұқсат құжаттар алу, көлік құралдарын ресімдеу кезінде күтпеген кедергілерден құтқаратындығын ескертеміз.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы

Комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.