You are here

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Комитетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік іс-шараны ашық деп жариялай отырып, Комитет төрайымы Қазақстан егемендігінің мәнін, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктерін, қазақстандық мемлекеттің құрылуындағы Ұлт көшбасшысы – Тұңғыш Президентіміздің рөлін, мемлекеттің басты құқықтық институттарының бірі ретінде прокуратураның қоғамдық және саяси мәнділігін атап өтті.

Айтулы күнді мерекелеу құрметіне Елбасының Жарлығымен әскери және қызметтік парызын үлгілі орындағаны үшін Комитеттің бірқатар қызметкерлері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттау салтанаты өтті.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Комитет төрайымының орынбасары Сәбит Нұрлыбай, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы Нұрмағамбетова Жанат Жандуллақызы марапатталды.

Сәуле Айтпаева әріптестерін кел жатқан – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға бейбітшілік пен татулық, елде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауапты міндеттерді атқаруда сәттілік тіледі. 

Салтанатты жиынның соңында ұлттық мерекеге арналған қысқаметражды фильм көрсетілді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.