You are here

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Комитетінде прокуратура органдарының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Комитет төрайымы Сәуле Айтпаева отырысты ашық деп жариялап, прокуратура органдарының 25 жыл ішіндегі жетістіктерін атап өтті.

Қазақстан мемлекеттілігінің дамуымен прокуратураның республикалық органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі өзгерді, оның қызметі жаңа мән-мағынаға ие болды, прокурорлық қадағалау қызметі де өзгерді. Алайда, прокуратура органдары алдындағы міндеттер өзгерсе де, ол әрдайым заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, мемлекеттің мүлкін қорғау, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу басты мақсаты болған құқық қорғау органы болып қала беремек.

Сәуле Айтпаева, бүгінгі күннің ерекшелігін атап өтті және әріптестеріне сенімділік, сәттілік, биік белестер мен жетістіктерге жетуді, асқақ абырой мен бақыт тілей отырып, құттықтау лебізін жолдады.

Зейнеткерлердің және Бас прокуратура мен Комитеттің бұрынғы бірінші басшыларының ерен еңбегі атап өтілді, олардың кәсіпқойлығы ұрпаққа таптырмас үлгі болып қала бермек. Мереке қарсаңында, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының дамуына қосқан үлесі және өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар қызметкерлер сыныптық шендерге және ведомстволық мараптаттарға ие болды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.