You are here

Елдегі жол апаттылығы мен жарақаттанушылық жағдайы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қараша айында Республика жолдарында1 604 жол көлік оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) орын алды, онда 2 314 адам зардап шекті, оның ішінде 209 адам қаза тапты. Өткен айда ең көп ЖКО Алматы қаласында (463) болған.

Алматы қаласының Алтынсарин және Абай көшелерінің қиылысы апаттылық ең көп орын алатын жол бөлігі болды, ол жерде 5 ЖКО жасалып, 10 адам зардап шекті.

Қаза болу бойынша Алматы облысы алдыңғы орында, онда 54 адам жол апатынан қаза болған.

Алматы-Бішкек тас жолы ең қауіпті болып отыр, онда 4 адамның қаза болуына әкеп соққан 4 ЖКО орын алды.

Ең үлкен ЖКО Жамбыл облысының Мерке ауданында тіркелген.

Демек, 17.11.2016 жылы «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі «Қырғызстанның батыс кіреберісі» тас жолының батыс бағытына қарай беттей отырып, арақашықтықты сақтамастан алдыда келе жатқан «Mercedes Sprinter» маркалы автобуспен қақтығысты, нәтижесінде 12 жолаушы зардап шекті.

Қараша айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) 5 943 адам жауапкершілікке тартылды, ал жыл басынан бастап 58 871 адам тартылды.

ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қараша айында 216 азамат жауапкершілікке тартылды, жыл басынан бастап 4 433 адам тартылды.

Ағымдағы жылы еліміздің жолында барлығы 16 332 ЖКО орын алды, оның ішінде 23 384 адам зардап шекті, 2 167 адам қаза тапты, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жол көлік апаттылығының деңгейі 5,7%-ға төмендеді.

Қазақстанда тіркелген ЖКО туралы толығырақ ақпаратты Апаттылық картасынан білуге болады, ол http://service.pravstat.kz/portal мекенжайы бойынша Бас прокуратура Комитетінің сайтында «Ақпараттық сервис» бөлімінде  қолжетімді.

Сондай-ақ, Комитеттің сайтында көлік құралының адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға қатысқандығы туралы ақпаратты ұсыну сервисі қызмет етеді.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.