You are here

Елдегі жол апаттылығы мен жарақаттанушылық жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша адамдар зардап шеккен жол-көлік оқиғаларының жағдайы туралы хабарлайды.

 

Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша еліміздің жолдарында 7127 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 9992 адам зардап шекті, 738-і қаза тапты.Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖКО 10,7%-ға, зардап шеккендердің 10,3%-ға, қаза тапқандардың 20,5%-ға төмендеуі байқалады.

 

Ең көп ЖКО Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған.

 

Адам өлімі бойынша Алматы облысы алдыда тұр, онда 162 адам жол апатында қаза тапқан. Бірінші жартылдық бойынша ең үлкен жол-көлік оқиғасы Ақтөбе облысында болды, онда 16 адам зардап шекті, оның 9-ы қаза тапты.

 

«Апаттылық картасы» көрсеткендей, Қазақстанда Алматы қаласындағы Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысы жол апаты ең көп орын алатын жер болып табылады, онда 9 ЖКО орын алып, 10 адам зардап шеккен.

 

Қазақстанда тіркелген ЖКО-лар туралы толық ақпаратты, сондай-ақ көлік құралының адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға қатысқандығы туралы Комитеттің http://qamqor.gov.kz порталының «Гео карталар», «Апаттылық картасы» бөлімінен біле аласыз.

 

 

 

 

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

+7 (7172) 31-74-56

press@kgp.kz

Елдегі жол апаттылығы мен жарақаттанушылық жағдайы туралы - 93456897

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.