You are here

Елдегі жол апаттылығы мен жарақаттанушылық жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қаңтар айында Республика  1 046 жол көлік оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) орын алды, онда 1 480 адам зардап шекті, оның ішінде 81 адам қаза тапты. Өткен айда ең көп ЖКО Алматы қаласында (328) болған.

Алматы қаласының Төле би көшесінде Сайыннан Байтұрсынұлы  көшелеріне дейін апаттылық ең көп орын алатын жол бөлігі болды, ол жерде 19 ЖКО жасалып, 5 адам зардап шекті және 2 адам қаза тапты.

Қаза болу бойынша Алматы облысы алдыңғы орында, онда 21 адам жол апатынан қаза болған.

Ең үлкен ЖКО Оңтүстік Қазақстан облысында  тіркелген.

Атап айтқанда, 05.01.2017 жылы «Daewoo Nexia» көлігінің  жүргізушісі «Қазығұрт-Жібек жолы» тасжолының  11 км-де көлікті басқара алмай қарсы бағытта келе жатқан «Opel Vectra» автокөлігіне соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде 3 адам қаза тапты және 2 адам зардап шекті.

Қаңтар айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) 1 548 адам жауапкершілікке тартылды, ал жыл басынан бастап 71 074 адам жауапкершіліке тартылса, оның 1416-ы 31,6 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынған, 129-ы көлік құралдарын жүргізу туралы арнайы құқығынан айырылды, 3 адамға әкімшілік қамау шарасы қолданылды, 62-і арнайы құқығынан айыру туралы қосымша шараға тартылды.

 ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қаңтар айында 471 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 45-не қатысты іс сотқа жіберілді.

Қазақстанда тіркелген ЖКО туралы толығырақ ақпаратты Апаттылық картасынан білуге болады, ол http://service.pravstat.kz/portal мекенжайы бойынша Бас прокуратура Комитетінің сайтында «Ақпараттық сервис» бөлімінде  қолжетімді.

Сондай-ақ, Комитеттің сайтында көлік құралының адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға қатысқандығы туралы ақпаратты ұсыну сервисі қызмет етеді.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу   жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.